Қазақстандықтар зейнетақы жинағымен баласын емдете алады

17 апреля 2025 года

Енді қазақстандықтар Еңбек жинақтаушы зейнетақы қорындағы (ЕЖЗҚ) қаражатын кәмелетке толмаған балаларын емдетуге жұмсай алады, деп хабарлайды LS.

Тиісті өзгерістерге денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қол қойды.

Құжатта салымшылардың зейнетақы жинақтарын медициналық қызметтер көрсету үшін кәмелетке толмаған балаларын емдеуге пайдалануға болатыны нақтыланған.

Сондай-ақ, министрлік енгізген өзгерістерге сәйкес, өтініш беруші немесе оның заңды өкілі емделуге қолжетімді міндетті зейнетақы жарналары есебінен жинақталған соманы ЕЖЗҚ-нан өз бетімен сұратып алуы қажет.

Біржолғы зейнетақы төлемін емделуге пайдалану үшін ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) арқылы уәкілетті оператордың интернет-ресурсында авторизациядан өтіп, жеке кабинет ашып, онда электрондық өтініш толтырылады. Өтініште сомасы мен қаражатты пайдалану мақсаты көрсетіледі және ол ЭЦҚ арқылы расталады.

Егер азамат зейнетақы жинағын жұбайының немесе жақын туыстарының атына пайдаланатын болса, онда тараптар жеке кабинетте қаражатты беру туралы келісім жасайды. Келісім ЭЦҚ арқылы расталады және некені немесе туыстық қатынасты растайтын құжаттар қоса тіркеледі.

Қаражат арнайы шотқа түскеннен кейін, алушы немесе оның заңды өкілі қалаған медициналық ұйымды (соның ішінде шетелдік ұйымдарды) таңдай алады. Кейін ол тіркелген медициналық мекемеге барып, 220-баптың 3-тармағына сәйкес талаптарды анықтау үшін дәрігерлік-консультациялық комиссияға (ДКК) өтініш береді. Сонымен қатар, жеке куәлік пен бейінді маманның қорытындысы ұсынылуы тиіс.

Құжатта стоматологиялық қызметтерге қатысты талаптар да нақты көрсетілген. Атап айтқанда, медициналық ұйым азаматқа ДКК қорытындысын ем басталғанға дейін және ем барысында электронды не қағаз нұсқада ұсынуға міндетті. Сондай-ақ, бұл қорытынды екі жұмыс күні ішінде медициналық ақпараттық жүйеге 026/у нысаны бойынша енгізілуі тиіс.

Алушы немесе оның заңды өкілі ДКК қорытындысын және стоматологиялық ем бойынша келісімшартты электронды түрде уәкілетті операторға жолдайды. Құжаттар қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде оператор қаражатты медициналық ұйымның арнайы шотына аударады.

Денталдық имплантация кезінде ДКК қорытындысын алу үшін емдеу жоспары, панорамалық немесе 3D рентген суреті мен стоматологиялық клиниканың лицензиясы ұсынылуы керек.

Егер алдыңғы имплантациядан үш ай өтпесе, бұрынғы бақылау суреті қолданылады. Ал егер бұрын имплантация жасалмаған болса, диагностикалық сурет берілуі тиіс.

Аталған бұйрық 27 сәуірден бастап күшіне енеді.

Бұған дейін, қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу үшін пайдалана алатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
Где трава зеленее: куда переезжают казахстанцы. Инфографика
сегодня
Строят без разрешений и документов: сотни нарушений выявлены по стране
вчера
Нацбанк запускает единый QR-код: регулятор и рынок нашли компромисс
сегодня
Высокие ставки в тенге делают заимствования в долларах и юанях более выгодными для казахстанских эмитентов – обзор
сегодня
Электронная прописка в Астане: система будет проверять родство и данные о недвижимости
вчера
Жаңа жылдан бастап зейнетақы аударымдарына өзгерістер енгізіледі
вчера
Купил сегодня – заплатишь завтра: рынок рассрочки хотят взять под контроль
вчера
Генпрокурор рассказал, как мошенники оформляют на казахстанцев кредиты без биометрии
вчера
Недобросовестных недропользователей предлагают лишать права на добычу до пяти лет
вчера
Тарифы на паузе: МНЭ рассказало, когда начнется повышение
вчера
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.