Қазақстандықтар Түркістан облысында тұрғын үйдi белсендi сатып алуда

Қазақстан бойынша орташа есеппен барлық мәмілелер саны 0,4%-ға өсті

8 сентября 2021 года

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде тамыз айында бір ай бұрынғыға қарағанда тұрғын үйдi аз сатып ала бастады, деп хабарлайды LS.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, еліміздің сегіз өңірінде сатып алу-сату белсенділігі төмендеген. Бұл Ақтөбе (1,8%-ға), Алматы (2,4%-ға), Атырау (10,8%-ға), Батыс Қазақстан (6,5%-ға), Қарағанды (0,6%-ға), Қызылорда (7,1%-ға), Маңғыстау (2,4%-ға) облыстары және Алматы (0,2%-ға).

Қалған өңірлерде өсім байқалады. Ең көбі – Түркістан облысында – 17,4%-ға, тамызда 1,7 мың мәмілеге қол жеткізілді. Осының есебінен жалпы Қазақстан бойынша сатып алу-сатудың айлық өсімі 0,4%-ды, 46,4 мыңға дейін құрады.

Бұл ретте Алматыда бұрынғысынша ең көп жылжымайтын мүлік – 6,8 мың мәміле сатып алынады. Екінші орында Нұр-Сұлтан – 5,8 мың, үшінші орында – Қарағанды облысы – 5,3 мың.

Сонымен қатар, 2021 жылғы қаңтар-тамызда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,1 есеге артты.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.