Қазақстандықтар банктерден қарызды қандай мақсатқа алады

Негізінен тұтынушылық несиелер басым

17 июня 2021 года

Қазақстанда берілген несиелер көлемі өсуде. Мамыр айының басында ол 15 трлн теңгеден асты. LS редакциясы халық арасында қандай несиелер көбірек танымал екенін анықтап көрдi.

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының жетекші талдаушысы Рамазан Досов Ұлттық банктің деректері бойынша негізінен ипотекалық және тұтынушылық қарыздарға басымдық берілетінін атап өтті.

"Жеке тұлғалар қарыздарының жиынтық портфелінің (7,9 трлн теңге) үштен бір бөлігі (31%) тұрғын үй несиелеріне, тағы 59%-ы тұтынушылық несиелерге тиесілі. Әдетте, соңғылары халықтың белгілі бір тауарларды (тұрмыстық техника, ұялы құрылғылар) және қызметтерді (тұрғын үйді жөндеу, мерекелер, демалыс) алу үшін алынады. Тиісінше, қарыз алушы бұл жағдайда болашақ ақша ресурстарының есебінен өзінің ағымдағы қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Басқаша айтқанда, сұранысты ынталандыру бар, бұл ұсынысты арттырады. Сайып келгенде, бұл ЖІӨ-нің өсуіне оң әсер етеді", - деп түсіндірді Досов.

Сонымен қатар, қазақстандықтардың саяхатқа қанша қаражат жұмсағаны туралы айта келе, талдаушы төлем балансынан деректерді келтірді. Оның айтуынша, ел ауқымында соңғы алты жыл қатарынан барлық қызметтердің импорты жыл сайын $9-12 млрд аралығында өзгеріп отырды.

"Атап айтқанда, қазақстандықтар үшін дәстүрлі жекелеген демалыс елдеріндегі күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты өткен жылы көрсеткіш 30%-ға, $8,1 млрд-қа дейін төмендеді. Бұл ретте жылдың әртүрлі маусымдарындағы дәстүрлі бағыттар Түркия мен Грузия (жазғы және күзгі кезең), БАӘ, Таиланд, Египет және Мальдив аралдары (қысқы және көктемгі кезеңдер) болып табылады", - деп түйіндеді Досов.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Последние новости:
На чем зарабатывают казахстанские банки и почему они прибыльнее развитых стран
вчера
Жители Казахстана тратят на еду большую часть зарплаты, чем в Беларуси, России и Китае. Инфографика
вчера
Минздрав пересмотрит лицензирование стоматологов после скандала с пенсионными деньгами
вчера
Қазақстан ЕО санкциялар жөнінде ескерту алмады
вчера
Дьявол кроется в деталях: названы главные страхи инвесторов горнорудной отрасли
вчера
Бюрократия дороже урожая: Казахстан теряет овощные рынки соседей
вчера
Казахстан не получал уведомлений от ЕС о введении вторичных санкций
вчера
Нацбанк выполняет свою роль, но инфляция остается высокой из-за действий правительства – мнение
вчера
НПЗ Казахстана обяжут производить больше востребованных ГСМ
вчера
Банктер шоттар жайлы мәліметті салықшыларға тапсырады
16 сентября 2025 года
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.