Қазақстандықтар автожолдарда жол жүру үшін 12 млрд теңгеден астам қаражат төледі

Биыл тағы үш учаске ақылы болмақ

20 января 2020 года

Қазақстандықтар 2013-2019 жылдары ақылы автожолдар бойынша жол жүргені үшін 12,4 млрд теңге төлеген. Бұл туралы LS тілшісіне индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан-Щучинск трассасы іске қосылғаннан бері 8,7 млрд теңге, Нұр-Сұлтан- Теміртау-1,7 млрд теңге, Алматы- Қапшағай- 970 млн теңге, Алматы- Қорғас- 957 млн теңге жиналды. Сонымен қатар, олар ашылған сәттен бастап 61,5 мың абонент ресімделген. Алайда абонемент құнын өзгерту жоспарланбаған.

Сонымен қатар, министрлікте 2019 жылы қазақстандықтар ақылы жолмен жүріп өту үшін 5,3 млрд теңге төлегенін айтты. Сонымен, Нұр-Сұлтан-Щучинск учаскесінен 1,7 млрд теңге, Нұр-Сұлтан-Теміртау- 1,7 млрд теңге, Алматы- Қапшағай-  970 млн теңге, Алматы- Қорғас- 957 млн теңге жиналды.

Биылғы жылы Щучинск- Петропавл, Павлодар- Омбы және Нұр-Сұлтан- Қостанай- Ресей шекарасы учаскелері ақылы болады. LS хабарлағандай, қазіргі уақытта Щучинск-  Петропавл бағытындағы ұзындығы 242 км пилоттық жобаны жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде.

"Бұл учаскені тестілік режимде іске қосу 2019 жылдың 15 қазанында жүзеге асырылды. Ақылы негізде іске қосуды 2020 жылдың І тоқсанында жүзеге асыру жоспарланып отыр. 2020 жылға арналған жолақы жоспары осы учаскеде 600 млн теңгені құрайды",-  деп ведомствада хабарлады.

Сондай-ақ, басқа көрсетілген учаскелерде төлем алу жүйесін енгізу 2021 жылға дейін күтілуде.

Министрліктің болжамына сәйкес, биылғы жылы ақылы жолдардан 5,6 млрд теңге жиналады. Атап айтқанда, қазақстандықтар Нұр-Сұлтан- Щучинск трассасында жол жүруге 1,6 млрд теңге, Нұр- Сұлтан-Теміртау- 1,8 млрд теңге, Алматы- Қапшағай- 1 млрд теңге, Алматы- Қорғас- 1,1 млрд теңге төлейді деп жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың І жартыжылдығында Қазақстанда ақылы автожолдардан 2 млрд теңге жиналды. 2018 жылдың қараша айында 2019 жылы Қазақстан ақылы жолдарда 5,5 млрд теңгедей пайда табуы мүмкін деген ақпарат жарияланған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
На чем зарабатывают казахстанские банки и почему они прибыльнее развитых стран
сегодня
Жители Казахстана тратят на еду большую часть зарплаты, чем в Беларуси, России и Китае. Инфографика
сегодня
Минздрав пересмотрит лицензирование стоматологов после скандала с пенсионными деньгами
сегодня
Қазақстан ЕО санкциялар жөнінде ескерту алмады
сегодня
Дьявол кроется в деталях: названы главные страхи инвесторов горнорудной отрасли
сегодня
Бюрократия дороже урожая: Казахстан теряет овощные рынки соседей
сегодня
Казахстан не получал уведомлений от ЕС о введении вторичных санкций
сегодня
Нацбанк выполняет свою роль, но инфляция остается высокой из-за действий правительства – мнение
сегодня
НПЗ Казахстана обяжут производить больше востребованных ГСМ
сегодня
Банктер шоттар жайлы мәліметті салықшыларға тапсырады
вчера
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.