Қазақстандықтарға шариғат талаптары бойынша кредит беріледі

Ипотекалық несиелер 2018 жылдан бастап беріледі деп жоспарланып отыр

21 августа 2017 года

Al Hilal ислам банкі жеке тұлғаларға қызмет көрсету туралы шешім қабылдады. Қаржы институты қазақстандықтарға кредит пен ипотека беріп, депозит ашуға шақыруға ниеттеніп отыр. Бұл туралы LS-ке басқарма төрағасының орынбасары Елтай Мұхамеджанов айтып берді.   

Оның баяндауынша, ислам депозиттері инвестициялық есеп жүйесі бойынша жұмыс істейтін болады.

"Біз әзірге депозит базасы қалыптастырып алғымыз келеді. Келесі жылдың соңына дейін жеке тұлғалардың салымдарын 30 млрд теңгеге немесе 100 млн долларға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Ереже бойынша біз сыйақының көлемін айтып, оған кепілдік бере алмаймыз. Сондықтан "клиенттің табысы банктің кірісіне қарай болады" деген қағидамен жұмыс істейміз. Яғни, келген пайданың бөлігі клиентке кетеді. Қазіргі уақытта жылдық пайыздық мөлшерлеме 1,5-2 пайыз, теңгенікі 8-9 пайыз болуы мүмкін", - дейді Мұхамеджанов.  

Банк өкілінің айтуынша, банк салымдары депозитті кепілдендіру қорының жүйесімен қамтылмайды. Бірақ ол Al Hilal банкі кіретін топтың рейтингі (бас кеңсе БАӘ-де орналасқан) А+ екенін айтып, алаңдамауға шақырды.

"Бұған дейін біз тест режимінде клиенттерімізге депозит ашуды ұсынғанбыз. Ол кезде депозит шоттарындағы орташа салым 30 мың долларға жеткен еді", - дейді төраға орынбасары.

Сондай-ақ Al Hilal шариғат талаптарына сай ипотека беруді жоспарлап отыр. Алайда қазақстандықтар тұрғын үйді бұл жылы ала алмайды. Себебі, заңнамада бұл мәселе әлі нақты бекітілген жоқ. Алайда, Мұхамеджановтың айтуынша, қазір қарастырылып жатқан соңғы түйіткілдер шешілсе, 2018 жылдан бастап ипотекалық кредиттер беріле бастайды.

"Біз екі қызмет түрін ұсына аламыз: бірі - банк тауарды үстеме бағамен сататын я сатып алатын мурабаха, екіншісі – лизингтің баламасы болатын иджара", - деді банктің қаржы директоры Айдын Таиров. 

Таиров сондай-ақ қаржы институтының көтерме нарыққа не үшін ауыса бастағанын түсіндіріп берді.

"Сіздер бас банктің көбіне көтерме қаржы институты екенін білесіздер. Біз Қазақстанда жеке тұлғаларға қызмет көрсетуді осындан үш-төрт жыл бұрын жоспарлағанбыз. Алайда ол кезде нарықта айырбас курсының құбылмалылығы секілді қиындықтар болды. Ал қазір жағдай біршама жайлы әрі қандай да бір күрт өзгеріс бола қоймас деп ойлаймыз", - дейді маман.  

Дегенмен, қаржы директорының айтуынша, банк көтерме портфелін тым көбейтіп жіберуге де тырыспайды. Сөзін қорытындылай келе Таиров Al Hilal Bank Қазақстанда жұмыс істеген 7 жылдан бері ел экономикасына 1 млрд доллардан астам инвестиция құйғанын айтып өтті.

Бұған дейін LS елде ислам қаржыландыруына қандай кедергілер барын жазған.

Анықтама

2010 жылы Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің үкіметтері келісіп, Al Hilal ислам банкі құрылған. Ол – Al Hilal Bank PJSC-дің еншілес банкі.

Ұлттық банктің 2017 жылғы шілденің 1-індегі мәліметі бойынша, активтерінің көлемі бойынша 20 млрд теңгесі бар Al Hilal банк 33 орынның 31-іншісінде тұр. Банктің жарғылық капиталы 3,9 млрд теңге.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.