Қазақстандық кәсіпорындардың өмір сүру мерзімі қандай

28 ноября 2025 года

Қазақстанда қызметін 25 жылдан бері үзбей жалғастырып келе жатқан компаниялар саны 20 мыңнан асып түсті, деп хабарлайды LS. 

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 1 қарашадағы жағдай бойынша елде 434,1 мың заңды тұлға жұмыс істейді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 2%-ға жоғары. 

Ал бір жыл толмаған жас компаниялар саны 2,5%-ға қысқарып, 38,3 мыңға жетті. Сондай-ақ, қызмет етіп жүргеніне 12 ай болған 37,3 мың заңды тұлға бар, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 15,9%-ға төмен. 

Нарықта ең үлкен үлесті екі жылдан бес жылға дейін жұмыс істеп келе жатқан ұйымдар құрайды- олардың саны 126 мың, бұл 6,4%-дық өсім. 

6- 10 жыл аралығында жұмыс істеп жүрген компаниялар- 91,9 мың (+2%), 11-15 жылдық тәжірибесі барлар- 53,1 мың (+5,7%), ал 16- 25 жыл аралығында жұмыс істейтіндер саны 65,8 мыңға жетті (+0,4%). 

25 жылдан артық қызмет етіп келе жатқан компаниялар саны бір жылда 25%-ға өсіп, 21,5 мыңға жетті. 

Олардың ішінде шағын бизнес басым- 18,8 мың кәсіпорын (+24,9%). Орта бизнес санатындағы ұйымдар 2 мыңға жетсе (+34,8%), ірі компаниялар саны 598-ге дейін көбейіп, 1,7 есе артқан. 

Ұзақ уақыттан бері жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорындардың көбі білім беру саласында шоғырланған- 4,4 мың (+36%). Одан кейін жылжымайтын мүлікпен байланысты қызметтер- 3 мың (+13,3%), мемлекеттік басқару, қорғаныс және әлеуметтік қамсыздандыру- 2,6 мың (+24,2%). Сонымен қатар сауда- 1,9 мың (+15,9%), құрылыс- 1,6 мың (+30,3%), ауыл, орман және балық шаруашылығы- 1,4 мың кәсіпорынмен (+40,4%) ерекшеленеді. 

Ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп келе жатқан компаниялардың көбі Алматыда шоғырланған- қалада мұндай 4 мың кәсіпорын бар (+28%). Одан кейінгі орындарда Қарағанды облысы- 1,6 мың (+17,3%), Қостанай облысы- 1,3 мың (+25,8%), сондай-ақ, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстары- әрқайсысында 1,2 мыңнан кәсіпорын тіркелген (тиісінше +23,7% және +21,7%). 

Бұған дейін, LS редакциясы биыл елде шамамен 13 мың кәсіпорынның жабылғанын хабарлаған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.