Қазақстандық АИ-92 бензині экспортқа жөнелтілді

23 апреля 2025 года

Қазақстан осы айда 40 мың тоннаға дейін бензин шетелге шығара алады. Бұл мәліметті LS редакциясына Энергетика министрлігінде растады.

Министрліктің мәліметінше, 2025 жылғы сәуір айында К4/К5 экологиялық кластағы артық көлемдегі АИ-92 бензинін экспорттау жоспарланған. Оның көлемі – 40 мың тоннаға дейін.

"Бұл ішкі нарықтың толық қамтылуы мен мұнай өңдеу зауыттарының тұрақты жұмысы нәтижесінде мүмкін болды. Нәтижесінде, шикізаттың орнына жоғары сапалы мұнай өнімдерін экспорттау жүзеге асырыла бастады," - деді министрлік өкілдері.

Министрлік бүгін АИ-92 маркалы бензиннің қоры 524 мың тоннаға жеткенін хабарлады. Бұл көлем елдің 46 күндік қажеттілігін өтеуге жеткілікті. Осылайша, республика ішкі нарықты үздіксіз қамтамасыз етіп қана қоймай, экспорттық мүмкіндіктерді де іске асыруға мүмкіндік беретін жанар-жағармай қорын жинақтап отыр.

Сонымен қатар, тұрақты отын теңгерімін сақтау мақсатында кешенді шаралар қабылдануда:

  • мұнай өңдеу зауыттары мен мұнай базаларындағы жанармай қалдықтарына күнделікті мониторинг жүргізілуде;
  • өңірлік әкімдіктер жанындағы жанармай бойынша штабтардың жұмысы күшейтілді;
  • ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне жанармайды басымдықпен бөлу жүзеге асырылуда;
  • ел аумағында жеткізілім логистикасы үздіксіз қамтамасыз етілуде;
  • саланы дамыту тұжырымдамасы аясында автокөлік бензині мен дизель отынының стратегиялық қорын құру мәселесі пысықталуда.

Министрлікте 2025 жылдың 30 қаңтарынан бастап көтерме және бөлшек сауда бағаларына мемлекеттік бақылау алынып тасталғанын еске салды. Енді бағалар нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа, сондай-ақ логистикалық факторларға байланысты еркін түрде белгіленеді.

"Көтерме бағалардың біршама өсуі- мемлекеттік реттеудің алынып тасталуынан кейінгі нарықтық теңгерімнің орнауымен байланысты. Сонымен қатар, бағаның күрт шарықтап кетуіне жол бермеу үшін мемлекет нарықты бақылауда ұстап, адал емес ойыншыларға қатысты тиісті шаралар қабылдауда", - деп түйіндеді энергетика министрлігінде.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Последние новости:
Падение доходов населения и уроки от Кыргызстана – что беспокоит главу Нацбанка
14 ноября 2025 года
Мясо и пшеница караванами: поставки казахстанских продуктов в Узбекистан растут. Инфографика
14 ноября 2025 года
В Казахстане введут биометрию и лимит на SIM-карты для борьбы с обманом
сегодня
Казахстан и Узбекистан хотят совместно производить линейный алкилбензол
вчера
США разрешили КТК, Кашагану и ТШО проводить сделки с Лукойлом и Роснефтью
вчера
Правительство утвердило список тех, кто не сможет работать на упрощенке
14 ноября 2025 года
Неравная конкуренция: Шаяхметова о растущем влиянии государства в бизнесе
14 ноября 2025 года
В нескольких областях отмечено падение производства яиц и мяса
14 ноября 2025 года
Кредиты от телекомов и финтеха возьмут под контроль
14 ноября 2025 года
Банки активно кредитуют бизнес: выдано 14,7 трлн тенге за девять месяцев
14 ноября 2025 года
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.