Қазақстанда жылу бағасы қымбаттайды

26 декабря 2022 года

Қазақстанда жылу тарифтерінің өсуі күтілуде, деп хабарлайды LS.

Бұл туралы сенат аясында ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтып берді.

"Мемлекеттік меншіктегі субъектілерге өз желілерін жаңғырту қажет болғандықтан келесі жылдың екінші жартыжылдығында тарифтердің өзгеруі орын алады", - деді ол.

Министр қазір жылу электр орталығы (ЖЭО) тозуын азайту маңызды екенін айтты.

"Тарифтердің өсуі тозуды шамамен 15-20%-ға азайтуға мүмкіндік береді. Біз жылу электр станцияларының тозу деңгейі ең жоғары аймақтар туралы айтып отырмыз. Мысалы, Екібастұзда субъект тарифті 2,5 есеге арттыруды ұсынды. Әрине, бұл мүмкін емес. Бірақ жалпы тарифті өзгерту мәселесін талқылаймыз. Тариф көтеріледі, басқа амал жоқ. Бірақ, мен айтқанымдай, мұнда біз әлеуметтік мәселелерді ескереміз, оны қоғаммен талқылаймыз", - деп түйіндеді Қуантыров.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жылу энергетикасында тозу деңгейі ең жоғары аймақтар аталған болатын. Қызыл аймақтағы 19 ЖЭО-ны қалпына келтіру үшін үшін 182 млрд теңге қажет екені анықталды.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.