Қазақстанда утилизациялық алымдар бойынша жаңа оператор таңдалды

ӨКМ операторы қызметін тоқтатты

19 января 2022 года

"ӨКМ Операторының" утилизациялық алымдар жинағы бойынша қызметі тоқтатылып орнына жаңа компания анықталды, деп хабарлайды LS.

Премьер-министрдің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, үкіметтің жаңа қаулысы бойынша өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы болып "Жасыл даму"акционерлік қоғамы мемлекеттік ұйымы айқындалды.

"ӨКМ операторы" қызметі утилизациялық алымды әкімшілендіру және тиісті құралдарға билік ету бөлігінде тоқтатылды. Утилизациялық алымдар есебінен құрылған активтер мемлекет меншігіне берілді.

Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерін әкімшілендіру функцияларын орындау "Жасыл даму" мемлекеттік ұйымына берілді", – деп хабарлады ведомстводан.

Естеріңізге сала кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев "ӨКМ операторынан" осы функцияларды 11 қаңтарда алуды тапсырды. Ол сондай-ақ, утилизациялық алым мөлшерiн қайта қарауды тапсырды. Кейінірек экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде Қазақстанда утилизациялық алымды кім жинайтынын хабарлаған еді.

"Жасыл даму" компаниясы 2013 жылы қоршаған ортаны қорғау министрлігінің "Қазақ экология және климат ғылыми-зерттеу институты" мемлекеттік кәсіпорнын қайта құру жолымен құрылды. Кәсіпорынның негізгі миссиясы – қоршаған ортаның сапасын сақтау, қалпына келтіру және жақсарту бойынша жағдай жасау. Негізгі мақсаттары: басқару жүйесін әзірлеу және қалдықтардың барлық түрлерін басқару және утилизациялаумен тікелей жұмыс (құзырет шеңберінде); парниктік газдар шығарындыларына квоталарды реттеу және сауда жүйесінің қалыптасуы және нақты жұмыс істеуі арқылы парниктік газдар шығарындыларын азайту. Бас директоры – Азамат Әлімбаев.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.