Қазақстанда теңге одан әрі әлсіреуi мүмкін – болжам

25 марта 2022 года

Қазақстанда инфляцияның өсуі және теңге бағамының одан әрі әлсіреуі күтіледі, деп хабарлайды LS.

Наурыз айындағы макроэкономикалық шолуда AERC сарапшылары ағымдағы жағдайлардағы Қазақстан экономикасы үшін негізгі тәуекелдер туралы айтып берді.

Олардың болжамдары бойынша, орта мерзімді перспективада Ресей мен Украинаның қақтығысы Қазақстан мен ЕО-ның өзара сауда көлемінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. ЕО-ның Ресейге қарсы санкциялары жеткізілім тізбегін бұзады және тауарлардың транзитін қиындатады.

Новороссийскідегі каспий құбыр консорциумындағы авария қазақстандық экспорт үшін жеке тәуекел болып табылады, бұл мұнай экспортын қайта бағдарлаудың елеулі транзакциялық шығындарын талап етеді.

Сонымен қатар, орта мерзімді перспективада Қазақстан экономикасы инфляцияның өсу тәуекелдеріне тап болады. Бұл теңгелік активтердің тартымдылығын төмендетуге, сондай-ақ, ұлттық валюта бағамына қысымды күшейтуге әкелуі мүмкін.

"Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың одан әрі ушығуы ЕО-ның Ресейге қарсы санкцияларының бесінші пакетін қабылдауымен қатар, биылғы жылы Қазақстанның нақты ЖІӨ-нің өсу қарқынының төмендеуіне, инфляцияның өсуіне және теңге бағамының одан әрі әлсіреуіне ықпал етуі мүмкін. Дегенмен, ағымдағы жағдай Қазақстан үшін ұзақ мерзімді перспективада экономиканың кейбір секторларында мүмкіндіктер ашады", - деп атап өтті AERC шолуында.

Атап айтқанда, сарапшылар қазақстандық авиакомпаниялар үшін жолаушылар ағынының ықтимал болуын, ресейлік бизнестің келуі есебінен ШОБ үлесінің өсуін, елдің қаржы секторының дамуын атап өтті.

Бұдан басқа, шолуда 2025 жылдың басына жоспарланған ЕАЭО мұнай өнімдерінің ортақ нарығын қалыптастыру мәселесі қозғалды.

"Одақтағы отын бағасын салыстыру елдердің ағымдағы кезеңде ортақ нарыққа көшуге дайын еместігін көрсетеді. Егер оны қалыптастыру кезінде баға мен акциздік ставкадағы айырмашылық жоғары болып қалса, онда мұнай өнімдерінің Қазақстаннан ЕАЭО-ның басқа елдеріне ағыны сөзсіз болады. Бұл елдегі отын тапшылығына әкелуі мүмкін", - деп болжады сарапшылар.

Global Petrol Prices деректеріне сілтеме жасай отырып, AERC Украинадағы оқиғаларға дейін Ресейде бензин бағасы Қазақстанға қарағанда орташа есеппен 35%-ға жоғары болғанын байқады.

Дизель бағасының айырмашылығы сәл аз болды. Ресейде құны Қазақстанға қарағанда 15%-ға, Қырғызстанда, Беларусьте және Арменияда тиісінше 25%-ға, 38%-ға және 73%-ға жоғары болды.

Бұдан басқа, геосаяси факторлар ЕАЭО-ға қатысушы елдер валюталарының құбылмалылығын күшейтеді. Мұнай өнімдерінің жалпы нарығы жағдайында рубль бағамының теңгеге жиі ауытқуы Қазақстандағы отын бағасының құбылмалылығына әкелуі мүмкін.

"АҚШ енгізген және ЕО жоспарлаған Ресей мұнайының импортына эмбаргоның болуы да ЕАЭО елдері үшін энергия ресурстарының ортақ нарығының артықшылықтары мен кемшіліктерінің арақатынасын өзгертеді. Талдау Қазақстан үшін барлық ықтимал тәуекелдерді ескеретін, мөлшерленген, ЕАЭО энергия ресурстарының бірыңғай нарығына кіру мәселесі бойынша шешім қабылдау қажеттілігін көрсетеді", - деп түйіндеді AERC-те.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.