Қазақстанда тұрғын үйді жалға алу құны арзандайды – болжам

Жалға берудің сұр нарығының үлесі төмендейді

10 февраля 2022 года

Тұрғын үйді жалға алу субсидиялау бағдарламасын енгізу есебінен арзандай бастайды. LS-ке осындай пікірді Қазақстанның жылжымайтын мүлік федерациясының басшысы Ермек Мүсірепов айтты.

Сарапшының айтуынша, қазіргі уақытта жалға беру құны нормадан жоғары. Алайда ол мамыр айында бағаның 20% -ға дейін төмендеуі мүмкін деп болжады.

Мысалы, қазір айына 130 мың теңге тұратын пәтер мамыр айында 110 мың теңгеге ұсынылады. Себебі бағдарламада орнатылған шектеулер болады.

"Бұл – қоғамның әлеуметтік осал топтарын қолдау мен субсидиялаудың барынша пысықталған тұрғын үй бағдарламаларының бірі. 70 мыңға жуық пәтер жалдау нарығына шығып, ірі қалалармен қатар шағын қалаларда да белсенділік артады. Бағдарлама iске қосылған кезден бастап, яғни мамыр айынан бағалар төмендейді. Мұны бағдарламаға қатысқысы келетін тұрғын үй иелері жасайды. Соның нәтижесінде басқа жалға берушілер де бағаны төмендете бастайды", - деп түсіндірді Мүсірепов.

Ол бағдарламада белгіленген шекті бағалар нарықтық индекстерге сәйкес келетінін қосты. Бұл ретте жалдау құнының төмендеуі III-IV санаттағы (экономкласс) тұрғын үйге қатысты болады. I және II санаттағы (элит және бизнес) пәтерлердің бағасы бұрынғы деңгейде қалмақ.

Қаңтарда бағаның 5,2%-ға күрт өсуі туралы айта келе, Мүсірепов бұл бағдарламаның пайда болуы туралы ақпарат ел арасында бірден үлкен талқылау тудырғанын тiлге тиек етті. Бірақ ол кезде нақты шарттар әлі белгіленбеген еді.

Мүсірепов келешекте тұрғын үйді жалға берудің "сұр" нарығының төмендеуін болжады. Оның пікірінше, қазір ол шамамен 70% құрайды.

"Бағдарламаға қатысу үшін пәтер иелері есепке тұра бастайды. Сонда қадағаланбайтын үлес 40%- ға қысқаруы мүмкін, ал мемлекет жалдау нарығын қадағалап, реттей алады", - деп қорытындылады LS сұхбатшысы.

Мұндай қолдауға кімдер ие бола алады?

Отбасы Банкінің ақпараты бойынша, алушыға субсидия төлену үшін жылжымайтын мүлік "отбасы мүшелерінің саны – жалға алынған тұрғын үй алаңы"өлшеміне сәйкес келуі тиіс. Оның ішінде: бір- үш адамнан тұратын отбасылар үшін – 40 шаршы метрден аспайды; төрт – бес адамнан тұратын отбасылар үшін – 60 шаршы метрден аспайды; алты және одан көп адам санынан тұратын отбасылар үшін – 80 шаршы метрден аспайды.

Жалға берілетін тұрғын үйдің 1 ш. м құны жыл сайынғы АЕК деңгейі негізінде облыс пен қалалардың коэффициентіне есептеледі. Мысалы, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында үш адамнан тұратын отбасы құны айына 40 ш. м тұрғын үй үшін 110 378 теңге, бес мүшеге дейін (60 ш.м.үшiн) – 165 568 теңге, алты және одан да көп отбасына (80 ш. м үшін) 220 757 теңгеге дейін  50% субсидияланады. Басқа аймақтарда төлемнің максималды мөлшері аз. Жамбыл облысындағы ең төменгі көрсеткіш – 54 696 теңгеден 109 393 теңгеге дейін.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялау бағдарламасы іске қосылуы тиіс. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселедегі кідірісті сынға алды. ИИДМ LS-ке жалға алу үшін субсидия алу шарттарын түсіндірiп берген болатын.

Кестені басқа БАҚ-на көшіруге тыйым салынады

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.