Қазақстанда тұрғын үй құрылысына шекті баға белгіленуi мүмкін

Сөз бюджет қаражаты есебінен салынатын үйлер жайлы

8 февраля 2022 года

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тұрғын үй құрылысына шекті бағаларды белгілеуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды LS.

Министрлiктiң ақпараты бойынша, бұл жаңалық бюджет қаражаты есебінен салынып жатқан нысандарға қатысты. Осылайша, құрылыс шығындары шектеулі болады.

Сондай-ақ министрлікте хабарлағандай, елімізде "Е-Құрылыс" ақпараттық жүйесі әзірленді, ол онлайн-режимде қазаншұңқыр қазудан бастап пайдалануға беруге дейінгі барлық кезеңдегі құрылыс процесін бақылауға мүмкіндік береді. Жүйеге мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының барлық органдары қосылғанын және техникалық қадағалаушылар мен инженерлік-техникалық қызметкерлердің барлық тізімдері жүктелген. Ол жерде техникалық қадағалаушылардың есептері ұсынылып, жүйеде жобадан ауытқумен жұмыс көлемін немесе, керісінше, орындалмаған жұмыс көлемін қабылдау мүмкін болмайды.

"Құрылыс жобаларының сметалық құнын жасанды көтеру тәуекелдерін азайту үшін "Онлайн калькулятор"жүйесі әзірленді. Ол өңірге және объектінің техникалық параметрлеріне байланысты шекті құнды автоматты түрде есептеуге және белгілеуге мүмкіндік береді", - деп түсіндірді ИИДМ-де.

Бұдан басқа, аккредиттеу бойынша мемлекеттік қызметтерде (жобаларды басқару, техникалық қадағалау және техникалық тексеру) сыбайлас жемқорлық тәуекелдері алынып тасталды. Олар толығымен автоматтандырылған, нәтиже 20 минут ішінде компьютерге беріледі.

Сондай-ақ, құрылыс жұмыстарына лицензия беру кезінде тікелей байланыс алынды. Енді техникалық қадағалау, техникалық тексеру және жобаларды сараптау бойынша сарапшыларды аттестаттаудың бірыңғай жүйесінде тестілеу функциясы енгізілді. Аттестатталушы адамды ауыстыру мүмкіндігі және тестілеу нәтижелеріне бөгде әсер ете алмайды. Толық автоматтандыру жұмыстарын ағымдағы жылы орындау жоспарлануда.

Бұдан басқа, рұқсат беру құжаттары (лицензиялау, аттестаттау, аккредиттеу) бойынша мемлекеттік функцияларды міндетті сақтандыруды енгізе отырып, өзін-өзі реттеуге беру дайындалуда. Өзін-өзі реттейтін ұйымдар мамандарды аттестациялайды, лицензиялар береді және олардың қызметі үшін жауапты болады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін LS 2022 жылы тұрғын үй бағасы қандай болатынын хабарлаған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.