Қазақстанда сұйытылған газ тапшылығы жойылады

18 сентября 2024 года

Қазақстанда сұйытылған газ тапшылығы 2030 жылға қарай жабылады. Бұл туралы энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов мәлімдеді, деп хабарлайды LS.

Мәжіліс отырысында Жамауов депутаттардың отын тапшылығын толық жабу туралы сұрақтарына жауап берді.

"Бүгінде газдың бұл түрі әлі де жетіспейді. Біз оны 2025 жылға дейін жұмыс істейтін тауар биржаларында сату шектеулерін 2030 жылға ауыстыруға қарсы емеспіз. Қашаған кен орындарында көлемі жылына 800 мың тонна, Қарашығанақ – жылына 600-700 мың тонна сұйытылған газ өндірісін іске қосуды жоспарлап отырмыз. Менің ойымша, тапшылықты біз 2030 жылға қарай жабамыз", - деп атап өтті ол.

Өз кезегінде сауда және интеграцияның бірінші вице-министрі Айжан Бижанова бұл тапшы тауаржы биржаларға 100% шығару белгілі бір тәуекелдерге әкелетінін атап өтті.

"Біз бұл мәселені 2025 жылдың соңына дейін заңнамалық түрде шешеміз деп үміттенеміз. Содан кейін заңға тәуелді актілерді дайындау басталады, оның шеңберінде биржалық тауарлардың, оның ішінде сұйытылған газдың бірнеше тізбесі қалыптастырылатын болады. Біз тізімді ғана емес, оны тауар биржаларына шығару үлесін де анықтаймыз. Мысалы, 2026 жылы – 20%, 2027 жылы –30%, 2030 жылы – 100%. Бұл қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейді", - деді ол.

Вице-министр қазір екі нұсқа бар екенін атап өтті: энергетиканың салалық заңнамасы шеңберінде тауар биржасына сұйытылған газ көлемінің 100%-ын шығару жөніндегі норманы алып тастау немесе оны заңға тәуелді актілер шеңберінде реттеу.

"Біз сіздермен бірге осы бағытта белсенді жұмыс істеуге дайынбыз", – деп түйіндеді Бижанова.

Айта кетейік, мәжіліс бірінші оқылымда "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне биржалық сауда мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасын қабылдады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан жақын арада газ тапшылығына тап болуы мүмкін деп жазған болатынбыз.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.