Қазақстанда Ресей мен басқа да ЕАЭО елдерiнiң азаматтары немен айналысады

Олар жұмыс істеп қана қоймай, ел iшiнде саяхаттайды

29 октября 2021 года

Қазақстанда Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен 58,2 мыңға жуық азамат уақытша тұрады. LS-ке олардың немен айналысатыны туралы еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінде айтып бердi.

Министрлiкте ІІМ деректерін келтірді, оған сәйкес 2021 жылғы 1 қазанға Қазақстанға ЕАЭО елдерінің 58 184 азаматы уақытша келген, оның ішінде Ресейден – 45 215 адам, Қырғызстаннан – 10 284 адам, Армениядан – 1732 және Беларусиядан – 953 адам.

Олардың Қазақстанда тұру себептері әртүрлі. Осылайша, көпшілігі елге жұмысқа келді – 33 488 адам. Оның ішінде 23 978 – Ресей, 7136 – Қырғызстан, 1569 – Армения және 805 – Беларусь азаматтары.

Жеке істерге 13 624 адам қатысады: 11 991 – Ресейден, 1520 – Қырғызстаннан, 59, Беларуссиядан, 54 – Армениядан.

Сонымен қатар, 1 қазанда Қазақстанға оқуға келгендердің саны 1305-ті құрады, оның ішінде 851 – Ресейден, 440 – Қырғызстаннан, 13 – Армениядан және бір адам – Беларусьтен.

Одан әрі қызметтік істер бойынша елде жүргендердің санаты – есепті күнге 960 адам. Олардың көпшілігі Ресей азаматтары – 909. Ал Қырғызстаннан 34 адам, Беларусьтан – 11, Армениядан – алты адам келеді.

Бұдан басқа, Қазақстанда 1 қазанда ЕАЭО-дан 123 турист болған, оның ішінде 89-ы Ресейден және 34-і Қырғызстаннан.

Ал Қазақстанға келетін ЕАЭО-ның 20 азаматы миссионерлер болып табылады: 17-сі – Ресейден, екеуі – Қырғызстаннан және біреуі – Беларусьтен.

Бұл ретте одақ елдерінен келген 8664 адам өзге мақсаттар бойынша Қазақстанда жүр, деп ІІМ-нің деректері куәландырады.

Еңбек министрлігінде ЕАЭО-да капиталдың, тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің және жұмыс күшінің еркін қозғалысы жұмыс істейтінін еске салды. ЕАЭО азаматтары Қазақстанда рұқсатсыз жұмыс істей алады. Оларды ішкі нарықты қорғау бойынша шектеулерді ескермей, еңбек қызметіне тартуға болады.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.