Қазақстанда отандық автокөлік моделі пайда болуы мүмкін

сегодня

Қазақстанда өз өндірісіндегі автокөлік моделін шығару мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұл туралы LS-ке Astana Motors компаниясының бас директоры Бекнұр Несіпбаев хабарлады.

Сарапшының айтуынша, компания әлі де зерттеу кезеңінде.

"Бізге бірнеше қытай серіктестер әртүрлі ынтымақтастықты ұсынып отыр, зерттеу жүргізіп, арнайы модель жасап, оны шығару мүмкіндігі бар", – деді ол.

Б. Несіпбаевтың айтуынша, қазіргі уақытта компания мультибрендтік зауыт салуға және өндірісті іске қосуға көңіл бөлген. Алайда ол жақын арада осы бағытқа қайта оралып, белсенділікті арттыруға ниеттті.

Яғни, отандық модельдерді жолға шығару- күрделі әрі оңай емес мәселе.

"Бұл бірден болмайды", – деп түйіндеді Б. Несіпбаев.

Бұған дейін, LS редакциясы отандық автокөлік моделін шығаруды жоспарлап жатқаны туралы хабарлаған.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Последние новости:
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.