Қазақстанда мобильді аударымдар тексеріле бастайды

сегодня

Қазақстандықтар мамыр айынан бастап мобильді аударымдар белгіленген шектен асқан жағдайда салық органдарынан ескерту ала бастайды. Бұл туралы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді, деп хабарлайды LS.

Оның сөзінше, банктер мобильді аударымдарға қатысты қажетті ақпаратты 15 сәуірге дейін мемлекеттік кірістер комитетіне ұсынған.

"Бұдан кейін бұл мәліметтер барлық қаржы ұйымдары арасында салыстырылып, түсініктеме беруі тиіс тұлғалардың тізімі жасақталады. Кейін камеральдық бақылау жүргізіліп, салық төлеушілерге тиісті хабарламалар жіберіледі", – деді Е. Біржанов.

Алғашқы хабарламалар азаматтарға мамыр айында жолданады. Ал жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге қойылған талаптарды орындау үшін 30 жұмыс күні беріледі.

Сондай-ақ, вице-министр камералдық бақылауға қанша азаматтың ілігуі мүмкін екеніне қатысты нақты алдын ала мәлімет жоқ екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл есептілік кезеңдерінің әлі аяқталмауына байланысты.

Еске салайық, салық органдары үш ай қатарынан әртүрлі тұлғалардан 100 және одан да көп аударым түскен, сондай-ақ, жалпы сомасы 12 ең төменгі жалақыдан (1 020 000 теңге, 1 ЕТЖ – 85 мың теңге) асатын жағдайларды назарға алады.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Последние новости:
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.