Қазақстанда ет бағасы 60%-ға дейін өсті

сегодня

Қазақстанда ет бағасы жыл сайын өсіп келеді. Жекелеген қалаларда оның құны бір жылда 50-60%-ға дейін қымбаттаған, деп хабарлайды LS.

2026 жылғы шілдеде сүйекті сиыр етінің орташа бағасы 1 келі үшін 3,8 мың теңгеге жетіп, жылдық есепте 18,5%-ға өскен. Қой еті 34%-ға қымбаттап, 4,5 мың теңгені, жылқы еті 29%-ға өсіп, 4,2 мың теңгені құрады. Ал шошқа етінің бағасы 24%-ға артып, 2,9 мың теңгеге, тауық еті 14,3%-ға қымбаттап, 1,7 мың теңгеге жетті.

Дегенмен өңірлердегі баға көрсеткіштері республикалық орташа деңгейден едәуір алшақ.

Мәселен, сиыр етінің ең жоғары бағасы Алматыда тіркелген – бір келісі орта есеппен 4,1 мың теңге. Бір жылда баға 37,2%-ға өскен. Одан кейін Талдықорған – 4,1 мың теңге (+34,9%) және Өскемен – 4 мың теңге (+14,5%).

Астанада сиыр етінің 1 келісі орта есеппен 3,6 мың теңге (+7,4%), ал Шымкентте 3,8 мың теңге (+11%).

Ең төмен баға Ақтөбе мен Түркістанда – 3,4 мың теңге. Көкшетау мен Оралда да орташа баға 3,4 мың теңгені құрады. Бірақ Оралда ет 23,6%-ға қымбаттаса, Көкшетауда баға бар болғаны 1,3%-ға өскен.

Қой етінің ең жоғары бағасы Астанада тіркелді – бір келісі орта есеппен 5,4 мың теңге (+39,8%). Алматыда баға 5 мың теңге (+40,9%), ал Петропавлда 4,8 мың теңге болды. Петропавлда қой еті бір жылда 1,6 есеге қымбаттаған.

Шымкентте қой етінің 1 келісі орта есеппен 4,5 мың теңге. Бұл бір жыл бұрынғыдан 26%-ға жоғары.

Оралда қой етінің бағасы республикалық орташа деңгейден төмен – 4,1 мың теңге. Бірақ бір жылда ет бағасы 1,6 есеге өскен.

Ең арзан қой еті Түркістанда – 3,4 мың теңге. Көкшетауда 3,8 мың, Ақтөбеде 4 мың теңге болды.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.