Қазақстанда дербес деректерді таратқандар қатаң жазаланады

4 декабря 2023 года

Қазақстанда азаматтардың деректерін таратқаны үшін жазаны қатаңдату жоспарлануда. LS-ке Цифрлық даму министрлігінде егжей-тегжейі айтылды.

Министрліктің мәліметінше, әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске ел азаматтарының дербес деректерінің таралуы үшін жауапкершілікті күшейтетін өзгерістер енгізу жоспарлануда. 

Оның ішінде осы ақпаратты, электрондық құжатты және электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) қорғау саласындағы бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке тартудың ескіру мерзімін ұлғайту ұсынылады. 

Дербес деректерді қорғау саласындағы заңнаманың талаптарын бұзғаны үшін айыппұлды екі-үш есе ұлғайту жоспарлануда. 79-бапқа сәйкес, қазір жауапкершілік мөлшері 10-нан 1 мың АЕК-ке дейін (2023 жылы 34,5 мыңнан 3,45 млн теңгеге дейін) құрайды. 

Бұдан басқа, басқа біреудің ЭЦҚ-сын заңсыз пайдаланғаны, цифрлық кілтті беру қағидаларын бұзғаны және бұлтты цифрлық қолтаңбаны пайдаланғаны үшін жауаптылықты көздейтін түзетулер әзірленді. 

"Қажетті талдау рәсімдері жүргізілді, олардың нәтижелерін кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия мақұлдады. Бұдан әрі түзетулер заңнамаға сәйкес ұсынылатын болады. Қазіргі уақытта Сенаттың қарауында ақпараттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кейбір заңдарға өзгерістер жобасы тұр. Олар дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органға ҚР "Дербес деректер және оларды қорғау туралы"заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау функциясын беру жөніндегі нормаларды көздейді", – деп түсіндірді министрлікте.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
В Казахстане активно тестируют страхование пассажиров от задержек авиарейсов
31 октября 2025 года
Холодная вода – горячие счета: как подорожали комуслуги в Казахстане за пять лет. Инфографика
31 октября 2025 года
Правительство рассчитывает на снижение теневой экономики после изменений в раскрытии банковской тайны
вчера
Работа мечты оказалась ловушкой: казахстанцев предупредили о новых схемах обмана
1 ноября 2025 года
В Казахстане построят биофармацевтический хаб
1 ноября 2025 года
Казахстан потратит триллионы тенге на решение проблем с водой
1 ноября 2025 года
В Казахстане подорожали услуги юристов, бухгалтеров и IT-специалистов
1 ноября 2025 года
RG Brands завершила контракт с PepsiCo
1 ноября 2025 года
Бизнес против тарифной политики ҚТЖ: за три года стоимость перевозок выросла вдвое
31 октября 2025 года
В Алматинской области хотят запустить масштабный проект
31 октября 2025 года
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.