Қазақстанда депозиттер бойынша мөлшерлемелер өзгерді

Мерзімді емес депозиттер бойынша мөлшерлеме ең жоғары болды

11 марта 2020 года

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚКҚ) депозиттер бойынша мөлшерлемелерді қайта қарады, деп хабарлайды LS.

Естеріңізге сала кетейік, 10 наурызда Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 9,25%-дан 12%-ға дейін көтерді.

"ҚКҚ мерзімді емес депозиттер бойынша ұсынылатын ең жоғары мөлшерлемені қайта қарап, оны 9,8%-дан 12,5%-ға дейін көтерді. Бұдан басқа, есептеу әдістемесіне сәйкес үш және алты айға мерзімді салымдар 10,3%-дан 13%-ға дейін, жинақ салымдары үш айға-12,7%-дан 13%-ға дейін өсті. Өзгерістер 10 наурыздан бастап күшіне енеді, бірақ банктер депозиттер бойынша қолданыстағы мөлшерлемелерді бұрынғы деңгейде сақтауға немесе оларды кейінірек арттыруға құқылы", - деп хабарлады Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры төрағасының м.а. Бота Ақбаева.

Ол сонымен қатар алты айдағы жинақ салымдары бойынша ұсынылған максималды мөлшерлемелер өзгермейді, өйткені осы кезеңдегі нарықтық мөлшерлеме өскен базадан асып түседі. Мерзімді және жинақ салымдары бойынша 12 айдан бастап өзгермейді, өйткені олар базалық мөлшерлеменің өзгеруіне байланысты емес екендін жеткізді.

Бұрын LS қазақстандық банктердің депозиттер бойынша қандай мөлшерлемелерді ұсынатыны туралы жазған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.