Ұлттық банк басшысы Ерболат Досаев цифрлық теңгені құру мерзімін жариялады, деп хабарлайды LS.
Оның айтуынша, пилоттық жоба 2021 жылдың II жартысында жүзеге асырыла бастайды. Оның аясында сандық валюта бөлшек саудада іске қосылады.
Ұлттық банк артықшылықтар мен тәуекелдерді жан-жақты зерделеп, талқылау үшін "цифрлық теңге" баяндамасын жариялады.
"Цифрлық теңгені енгізу қажеттілігі туралы шешім-әлеуетті пайда мен тәуекелдерді, ақша-несие саясаты мен қаржылық тұрақтылыққа әсерін, ұлттық төлем жүйесіне әсерін жан -жақты зерттеу нәтижелері бойынша ғана қабылданатын болады", - деп атап өтті Досаев.
Цифрлық теңге – эмиссиясын Ұлттық банк жүзеге асыратын Қазақстандағы ақшаның жаңа нысаны. Бұл валюта қолма-қол және қолма-қолсыз ақшаны алмастырмайды. Бірақ қатар қолданылады. Цифрлық теңгені енгізу бірқатар бірегей технологиялық сипаттамалардың қолма-қол есептеулеріне тәуелділікті азайтады деп күтілуде.
Ұлттық банктің ақпаратына сәйкес, валютаның бұл түрі жеке электрондық әмияндарға жазылатын және олардың арасында орын ауыстыруы мүмкін бірегей цифрлық реттілік форматында шығарылады. ҚР Ұлттық банкі цифрлық платформаны технологиялық іске асырудың басқа да нұсқаларын қарастыруда.
Бұл ретте, іске асырудың кейбір технологиялық тәсілдері ғаластор желісіне қосылмай-ақ цифрлық теңге алмасуды қамтамасыз ете алады. Сонымен қатар, цифрлық теңге онлайн-транзакциялар үшін пайдаланылуы мүмкін. Осылайша, цифрлық теңге орталық банктің цифрлық валютасы болып табылады.