Қазақстанда американдықтардың қатысуымен ірі жоба тоқтап қалды

27 сентября 2023 года

Қазақстанда американдық инвестордың қатысуымен ірі жоба тоқтатылды. LS редакциясы істің мән-жайын білді.

Редакцияның сұрауына жауап ретінде ауыл шаруашылығы министрлігінде Tyson Foods Inc компаниясы геосаяси жағдайға байланысты жобаны іске асыруды уақытша тоқтата тұру туралы ауызша хабардар еткенін жеткізді. Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы министрлігінде басқа ақпарат жоқ.

"Бүгінгі таңда Tyson Foods Inc компаниясы тарапынан Қазақстан аумағында жоғарыда аталған өндірісті іске қосу бойынша соңғы шешім жоқ", – деп қосты министрлікте.

Kusto Group басшысы Еркін Тәтішев LS тілшісіне бұл жобаның геосаяси жағдайға және елішілік өзгерістерге байланысты тоқтап қалғанын растады.

Алайда, ол аталмыш ет өндірісі іске қосылады деген үміт барын жоққа шығармады. Бұл ретте Тәтішев тараптар арасында осы жобаны іске асыру жөніндегі қағидаттар туралы келісімге қол қойылғанын еске салды. LS сұхбаттасушысы қазіргі уақытта құжатты қайта қарау және жаңарту қажет екенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың басынан бастап Tyson Foods компаниясының "Ет өңдеу зауытының құрылысы" жобасы тоқтатылды. Өңірлік әкімдіктің мәліметінше, үкімет пен Tyson Foods және Kusto Group компаниялары арасында Қазақстанның ақуыз өнеркәсібіне инвестициялар туралы келісімді әзірлеу себеп болып отыр. Сол кезде мемлекеттік орган осы құжатқа қол қойылғаннан кейін жобаны іске асыруды қайта бастау жоспарланып отыр деп сендірді.

Зауыттың құрылысына жер учаскелерінің бірнеше нұсқалары ұсынылды. Компания "Арна" индустриалды аймағында жалпы ауданы 100 га аумақты таңдады.

Болжам бойынша, инвестиция шамамен $300 млн құрайды және зауыт 2025 жылдан 2028 жылға дейін кезең-кезеңімен пайдалануға беріледі. Жоба аясында "Сиыр – бұзау" типіндегі шаруа және фермер қожалықтары пайда болады. Мал өсіру, жайылымдық бордақылау бойынша нысандар ашылып, бордақылау алаңдары салынады. Сонымен қатар, жүгері мен басқа да жемшөп үшін жайылымдар мен егістік жерлерге учаскелер бөлінеді.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.