AI дәуірі: Қазақстанда 33 жаңа мамандық пайда болады

сегодня

Қазақстанда жасанды интеллектінің (AI) дамуына байланысты ондаған жаңа мамандық пайда болады. Бұл туралы LS-тің сауалына берген жауабында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, дүниежүзілік экономикалық форум жасанды интеллектінің арқасында әлемде 170 млн-ға дейін жаңа жұмыс орны ашылуы мүмкін деп болжап отыр. Алайда еңбек нарығындағы өзгерістерге байланысты қызметкерлердің шамамен жартысы жаңа дағдыларды меңгеріп, қайта оқудан өтуі қажет болады. Қазір ең көп сұранысқа ие мамандардың қатарында жасанды интеллект пен машиналық оқыту саласының мамандары, деректер сарапшылары және киберқауіпсіздік мамандары бар.

2035 жылға дейін Қазақстанда 33 жаңа кәсіп түрі пайда болып, бұл бағыттарда шамамен 80 мың адам жұмыспен қамтылады.

Бүгінде елімізде ML-инженер, Data Scientist, RPA әзірлеуші және AI Trainer сияқты жаңа буын мамандарына сұраныс артып келеді.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, әзірге бұл өзгерістер негізінен IT саласында байқалғанымен, алдағы уақытта жасанды интеллект басқа да салаларға кеңінен енгізіледі.

"Алдағы жылдары цифрландыру мен жасанды интеллектінің түрлі салаларға енгізілуіне байланысты жаңа мамандықтар пайда болады. Олардың қатарында компьютерлік көру инженері, цифрлық мұнай кен орындарының инженері, білім беру және медицина салаларындағы AI-мамандар, геоақпараттық талдаушылар, құрылыс жобаларының BIM/AI-менеджерлері мен агротехнология саласының мамандары бар", – түйіндеді еңбек министрлігінде.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.