Биыл Қазақстанда жаңа өндірістерді іске қосу есебінен 14,5 мыңға жуық жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Бұл туралы LS-ке индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде айтты.
Редакцияның сұрауына жауап ретінде биыл ашылуы жоспарланған 149 жоба туралы хабарланды. Оның жалпы құны – шамамен 1,1 трлн теңге. Соның нәтижесінде 14,5 мыңға жуық адам жұмысқа орналасады деп күтілуде.
Министрлік 2023 жылдың негізгі өндірістерін тізімдеді.
Алматыда екі өнеркәсіптік нысан пайда болады. Мегаполисте автомобильдерге арналған мультимедиялық жүйелер өндірісі жолға қойылады. Құны – шамамен 889,6 млн теңге. Мұнда жылына 10 мыңға дейін өнім шығарылатын болады. 12,5 млрд теңгеге алюминий жылыту радиаторларын шығаратын зауыт ашылады. Кәсіпорында 200 адамға жұмысқа орны ашылады.
Павлодар облысында 92 млрд теңгеге ферроқорытпа зауыты салынып, іске қосылады. Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 240 мың тонна ферросилицийді құрайды. 800 жұмыс орны құрылады.
Алматы облысында вольфрам кен орындарын игеру бойынша жобаны іске асыру күтілуде. Инвестициялар – 94,5 млрд теңге. 350 жұмыс орны ашылады.
Айта кетейік, тау-кен байыту кешенінің құрылыс-монтаждау жұмыстарына кіріскен болатын. Сондай-ақ, жер учаскесінде барлық қажетті инфрақұрылым салынып, вахталық кенттің құрылысы аяқталды. Жылына 3,3 млн тонна кен өндіріледі және өңделеді деп күтілуде, одан жылына 10 мың тонна концентрат алу жоспарда бар. Бастапқыда құрылыс жұмыстары 2020 жылдың ІІ тоқсанында басталады деп жоспарланған болатын. Алайда, пандемияға байланысты мерзімдер кейінге қалдырылды. Жоба Қытайдан келген серіктестің қатысуымен жүзеге асырылуда.
Қарағанды облысында 25 млрд теңгеге тұрмыстық техника шығаратын зауыт ашылады. Атап айтқанда, кәсіпорында ас үй плиталары мен су жылытқыштар шығарылмақ. Қуаты-жылына 50 мың бірлік. 1,5 мың адам жұмысқа орналасады деп жоспарлануда.
Сондай-ақ, министрлікте 2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан өңірлерінде жалпы сомасы 2,07 трлн теңгеден асатын 160 жоба іске асырылғанын айтты. Ақпаратқа сәйкес, 14,4 мыңға жуық адам жұмысқа орналасты. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысында 28 млрд теңгеге мұнай экстракция зауыты пайдалануға берілді. Оның қуаттылығы – жылына 300 мың тонна өнім, жұмыс орындары – 92.
Жамбыл облысында минералды тыңайтқыштар өндірісі кеңейді. Жоба отандық компанияға 45,6 млрд теңгені құрады. Атырау облысында полипропилен шығарыла бастады. Өндірісті ашуға 1,13 трлн теңге жұмсалды. Бұл нысанда 506 адам жұмысқа орналасты.
Ал Маңғыстау облысында 14,2 млрд теңгеге сорғы штангалары мен муфталар шығаратын зауыт іске қосылды. Қуаты – 300 мың дана сорғы штангалары, сорғы штангаларына 350 мың муфта. Нәтижесінде 200 жұмыс орны құрылды.