Қазақстанда әйелдер ипотекасы бойынша шарттар өзгерді

Өтінімдер наурыз айының ортасынан қабылданады

28 февраля 2022 года

Отбасы банкiнде "Ұмай" ипотекалық бағдарламасының жаңа шарттары туралы айтылды, деп хабарлайды LS.

Ақпаратқа сәйкес, енді оған жоғары табыс деңгейі бар қарыз алушылар қатыса алады. Олар үшін жалпы отбасылық бюджет шегі 640 мың теңгеге дейін (бұрын – 320 мың теңгеге дейін) көтерілді.

"Егер қарыз алушының отбасылық ай сайынғы табысы 550 мың теңгеден аспаса, онда ол бастапқы жарнаның небәрі 15%-ы болған кезде несие ала алады. Егер табыс 550 мың теңгеден 630 мың теңгеге дейін болса, онда несиені тұрғын үй құнының 20%-ы болған жағдайда алуға болады. Несиенің ең жоғарғы сомасы – 30 млн теңгеге дейін қоса алғанда. Пайыздық мөлшерлеме 13,5%-ды құрайды (сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі (СЖТМ) 14,5%-дан бастап), кейіннен 5%-ға дейін төмендейді (СЖТМ – 5,2%-дан бастап)", - деп хабарлады Отбасы банкінде.

"Ұмай" ипотекасы бойынша қарыз алу мерзімі алты айдан 25 жылға дейінгі мерзімді құрайды. Тұрғын үй таңдауда ешқандай шектеулер жоқ. Яғни жылжымайтын мүлікті бастапқы нарықта да, қайталама нарықта да, оның ішінде үлестік қатысу шарты бойынша да сатып алуға болады. Бағдарлама бойынша жөндеу жұмыстарына 3,7 млн теңгеге дейін несие алуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, әйелдер ипотекасы – бұл Отбасы банкі мен Азия даму банкінің бірлескен бағдарламасы. 2021 жылы бірінші транш аясында 8,4 млрд теңге көлемінде 954 қазақстандық әйел несие алды. Екінші транш көлемі 14 млрд теңгені құрайды. Биыл несиелендіруге өтінімдер наурыз айының ортасында қабылданады.

"Ұмай" бағдарламасы мемлекеттік бағдарламалардағыдай бірінші баспананы емес, екінші немесе үшінші баспананы тұрмыс жағдайын жақсарту немесе балаларға жылжымайтын мүлік сатып алу мақсатында сатып алатын әйелдерге арналған", - деп қорытындылады қаржы институты.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
В Казахстане активно тестируют страхование пассажиров от задержек авиарейсов
31 октября 2025 года
Холодная вода – горячие счета: как подорожали комуслуги в Казахстане за пять лет. Инфографика
31 октября 2025 года
Правительство рассчитывает на снижение теневой экономики после изменений в раскрытии банковской тайны
сегодня
Работа мечты оказалась ловушкой: казахстанцев предупредили о новых схемах обмана
вчера
В Казахстане построят биофармацевтический хаб
вчера
Казахстан потратит триллионы тенге на решение проблем с водой
вчера
В Казахстане подорожали услуги юристов, бухгалтеров и IT-специалистов
вчера
RG Brands завершила контракт с PepsiCo
вчера
Бизнес против тарифной политики ҚТЖ: за три года стоимость перевозок выросла вдвое
31 октября 2025 года
В Алматинской области хотят запустить масштабный проект
31 октября 2025 года
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.