Қазақстан жүгері экспортын арттырды, деп хабарлайды LS.
2026 жылдың алғашқы бес айында жүгері экспорты 88,6 мың тоннаға жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20,5%-ға өсті.
1 шілдедегі жағдай бойынша еліміздің ішкі нарығындағы жүгері қоры 71,4 мың тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,7%-ға көп.
Отандық жүгерінің негізгі импорттаушысы бұрынғысынша Тәжікстан болып қалды. Бұл елге 43,3 мың тонна өнім экспортталып, жеткізілім көлемі 13,7%-ға артқан.
Ауғанстанға жөнелтілген жүгері көлемі айтарлықтай өсті. Бұл елге экспорт 34,6 есеге артып, 25,5 мың тоннаға жетті. Сондай-ақ, Қырғызстанға экспорт 1,9 есеге, Ресейге жеткізілім 36,5%-ға көбейді.
Ал Өзбекстанға экспорт 1,5 есеге, Түрікменстанға 7,7 есеге азайды. Беларуське жөнелтілген жүгері көлемі өзгерген жоқ.
Импортқа келсек, биылғы қаңтар-мамыр айларында Қазақстан шетелден 18,6 мың тонна жүгері сатып алды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,2 есе көп.

Сондай-ақ, Румыния, Германия, Түркия, Франция, АҚШ, Венгрия және Сербиядан әкелінетін жүгері көлемі де артты. Атап айтқанда, Румыниядан- 195,3 тонна, Германиядан- 47,2 тонна, Түркиядан- 721 тонна, Франциядан- 956,7 тонна, АҚШ-тан- 111,9 тонна, Венгриядан- 335,4 тонна, ал Сербиядан- 211 тонна жүгері импортталды.
Ал Қытай мен Австриядан жүгері импорты азайды. Қытайдан жеткізілім 2,6 есеге, ал Австриядан 21,6%-ға қысқарды.