Қазақстан "Теңізшевройл"компаниясындағы үлесін арттыру мүмкіндігін қарастыруда. Бұл туралы LS-ке энергетика министрлігі хабарлады.
Министрліктің мәліметінше, бұл мәселе келісімшарттарды стратегиялық қайта қарау аясында зерттелуде.
"Бұл мәселе Қазақстанның ұзақ мерзімді экономикалық және энергетикалық мүдделеріне сай келіп, ірі мұнай-газ жобаларынан түсетін табысты әділ бөлуге бағытталған", – деп түсіндірді министрлікте.
Қазіргі уақытта Теңіз кен орнының операторы тарапымен келіссөздер басталған жоқ, ал келісімшарттарды ұзарту мен Қазақстанның үлесін арттыруға қатысты нақты шарттар әлі белгіленбеген.
Айта кетейік, қазіргі таңда ТШО-ның акционерлері: "ҚазМұнайГаз" (20%), Chevron (50%), "ЭксонМобил Казахстан" (25%), "Лукойл" (5%).
Еске салсақ, бұған дейін, президент Қасым-Жомарт Тоқаев өнім бөлінісі туралы келісімдерді ел үшін тиімді шарттарда ұзарту жөнінде жер қойнауын пайдаланушылармен келіссөздер бастауды тапсырған болатын. Бұл жұмысты екі жыл ішінде жүргізу жоспарланған.
Өз кезегінде мұнай-газ саласының сарапшысы Олжас Байділдинов LS-ке үкіметтің ірі кен орындарының операторларымен келісімге келу мүмкіндігін бағалап берді.