Қазақстан спутниктерін шетелге сатуға ниетті

20 февраля 2025 года

Қазақстан түркі мемлекеттерімен бірлесіп жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) спутниктерін жасауды жоспарлап отыр. Бұл туралы LS-ке цифрлық даму министрлігінде хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) елдері аясында бірлескен ЖҚЗ спутнигін құру мәселесі қарастырылып жатыр. Ұйымға Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан елдері мүше.

Бұл жоба аймақтағы табиғи және экологиялық өзгерістерді мониторингтеу үшін ғарыштық технологияларды қолдану мен өзара ынтымақтастықты тереңдетуге мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, Қазақстан Конго елі үшін спутник жасаумен айналыспақ. Тиісті келісімге биылғы ақпан айында қол қойылды.

Сонымен қатар, Қазақстан Моңғолиямен де ғарыш аппаратын әзірлеу және жеткізу бойынша ынтымақтастық орнатуға мүдделі. Бұл аппарат KazEOSat-MR қазақстандық спутниктік топтамасының құрамына кіреді.

Министрлік мәліметінше, аталған топтама орташа айқындықтағы үш аппараттан тұрады. Оларды өндірудің толық циклі Астанадағы құрастыру-сынақ кешенінде жүзеге асырылады. Жүйе 2027 жылдан бастап іске қосылмақ. Қазіргі таңда жобалау және есептеу жұмыстары аяқталып, құрамдас бөліктерін өндіру басталды.

KazEOSat-MR жасауға 18 млрд теңге бөлінді.

Жоба табиғи ресурстар мен экологиялық өзгерістерді мониторингтеуді жақсартуға ықпал етеді деп күтілуде. Сондай-ақ, спутниктік деректерді мүдделі тараптар үшін пайдалану мүмкіндіктері кеңейеді.

Ауыл шаруашылығында орташа айқындықтағы ғарыштық түсірілімдер саланы мониторингтеуде кеңінен қолданылатындықтан, жаңа спутниктер экономикалық өсімді 46,5 млрд теңгеге дейін арттыруы мүмкін.

Жаңа аппараттарды ұшырудан болатын мультипликативтік әсер жер, орман, су ресурстары және басқа да салаларды қамтиды.

Бұдан бөлек, Қазақстан осы саладағы өз технологияларын түрлі елдерге экспорттауды жоспарлап отыр. Жақын және алыс шетелдің әлеуетті тапсырыс берушілерін тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

Бұған дейін, Қазақстанда бірқатар ғарыш жобаларының жеткілікті қаржыландырылмауы туралы айтылған еді.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Последние новости:
Падение доходов населения и уроки от Кыргызстана – что беспокоит главу Нацбанка
14 ноября 2025 года
Мясо и пшеница караванами: поставки казахстанских продуктов в Узбекистан растут. Инфографика
14 ноября 2025 года
Казахстан и Узбекистан хотят совместно производить линейный алкилбензол
вчера
США разрешили КТК, Кашагану и ТШО проводить сделки с ЛУКОЙЛом и Роснефтью
вчера
Правительство утвердило список тех, кто не сможет работать на упрощенке
14 ноября 2025 года
Неравная конкуренция: Шаяхметова о растущем влиянии государства в бизнесе
14 ноября 2025 года
В нескольких областях отмечено падение производства яиц и мяса
14 ноября 2025 года
Кредиты от телекомов и финтеха возьмут под контроль
14 ноября 2025 года
Банки активно кредитуют бизнес: выдано 14,7 трлн тенге за девять месяцев
14 ноября 2025 года
Цифровые финансовые инструменты должны работать на клиентов – Турлов
14 ноября 2025 года
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.