Қазақстан Ресейде бұғатталған активтерін қалай қайтарады

2 ноября 2022 года

Қазақстандық инвесторлардың салымдары Ресей эмитенттерінің қағаздарына салынған қаражаттың жалпы сомасының 5%-ын құрады, деп хабарлайды LS.

LS-тің ресми сұрауына жауап ретінде қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ресейлік бағалы қағаздарға қаржы салған қазақстандық инвесторлар әлі күнге дейін өз салымдарын қайтара алмай отырғандарын хабарлады.

Кәсіби қатысушылардың деректеріне сілтеме жасай отырып, агенттікте 2022 жылғы 18 қазанда Ресей эмитенттерінің бағалы қағаздарындағы мұздатылған активтердің сомасы $63,7 млн құрағанын атап өтті. Бұл қазақстандық инвесторлар бағалы қағаздарға салынған қаражаттың жалпы сомасының 5%-зы, яғни $1,3 млрд.

Агенттікте бұл сұрақ Еуразиялық экономикалық комиссия жанындағы қаржы нарықтары жөніндегі консультативтік комитеттің талқылауына шығарылғанын нақтылады. Бүгінде мәселе ішінара шешілген.

"2022 жылдың 14 шілдесінен бастап Ресей эмитенттерінің бағалы қағаздарын халықаралық депозитарийлердің (Euroclear, Slearstream) шоттарынан Ресейдің орталық депозитарийінің есепке алу жүйесіндегі активтерді ұстаушылардың шоттарына мәжбүрлеп аудару мүмкіндігі көзделген заң қабылданды. Ол үшін бағалы қағаздардың иелері ағымдағы жылдың 11 қарашасына дейін құжаттарды тапсыруы тиіс. Сонымен қатар, ресейлік эмитенттер шетелдік корпоративті еурооблигацияларды ресейлік облигациялармен алмастыра алады. Осылайша, ресейлік эмитенттер шетелдік корпоративтік еурооблигацияларды ұстаушылар алдындағы міндеттемелерін еурооблигациялардың ұқсас шарттарына сәйкес келетін борыштық қағаздарды шығару немесе Ресей рублімен есептеу (жаңадан шығарылған ресейлік облигациялардан алынған қаражат есебінен) арқылы орындай алады. Бұл опциялар мұздатылған активтерге қатысты мәселені шешті", - деп қосты қаржы агенттігінде.

Алайда, бағалы қағаздарды өтеу кезінде қағаздар бойынша, оның ішінде дивидендтер, купондық сыйақылар және сомалар бойынша төлемдер бойынша мәселе шешілмеген күйінде қалып отыр.

"Ең алдымен, бұл төлемдер халықаралық депозитарийлердің шоттарына жүзеге асырылғандығына байланысты, онсыз қазақстандық бағалы қағаздардың меншік иелерінің құқықтарын растаусыз ақшаны соңғысының шоттарына одан әрі аударуды жүзеге асыру мүмкін емес", - деп нақтылады агенттікте.

Қазіргі уақытта бұл қаражаттарды бұғаттаудан шешу жұмыстары жалғасуда.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың II тоқсанында Қазақстаннан басқа елдерге кеткен тікелей инвестициялардың жалпы құны $443 млн-ға дейін ұлғайды.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
В Казахстане активно тестируют страхование пассажиров от задержек авиарейсов
31 октября 2025 года
Холодная вода – горячие счета: как подорожали комуслуги в Казахстане за пять лет. Инфографика
31 октября 2025 года
Правительство рассчитывает на снижение теневой экономики после изменений в раскрытии банковской тайны
сегодня
Работа мечты оказалась ловушкой: казахстанцев предупредили о новых схемах обмана
вчера
В Казахстане построят биофармацевтический хаб
вчера
Казахстан потратит триллионы тенге на решение проблем с водой
вчера
В Казахстане подорожали услуги юристов, бухгалтеров и IT-специалистов
вчера
RG Brands завершила контракт с PepsiCo
вчера
Бизнес против тарифной политики ҚТЖ: за три года стоимость перевозок выросла вдвое
31 октября 2025 года
В Алматинской области хотят запустить масштабный проект
31 октября 2025 года
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.