Қазақстан мен шетелдегі жалақы мөлшері

26 марта 2025 года

LS тілшісі Қазақстандағы және басқа елдердегі жалақы мен азық-түлікке кететін шығындардың айырмашылығын зерттеп көрді.

Numbeo деректеріне сәйкес, Қазақстанда салықтарды алып тастағаннан кейінгі орташа айлық жалақы 289,5 мың теңгені ($574,7) құрайды. Көрші елдермен салыстырғанда, Ресейде бұл көрсеткіш жоғарырақ – 334,7 мың теңге ($665,2), ал Қытайда одан да көп – 469,2 мың теңге ($931,4).

Өзбекстанда жалақы деңгейі Қазақстанға қарағанда төмен – 237,9 мың теңге ($472,6), ал Қырғызстанда одан да аз – 196,7 мың теңге ($390,5).

Басқа елдердегі жағдайға келсек, Германияда орташа айлық жалақы 1,5 млн теңге ($3 мың), Австралияда – 1,7 млн теңге ($3,5 мың), ал АҚШ-та 2,1 млн теңге ($4,3 мың) деңгейіне жетеді.

Әр елде азық-түлікке жұмсалатын шығын көлемі айтарлықтай өзгереді. Қазақстанда бір адамның ай сайын тамаққа кететін ең төменгі шығыны жалақының 31,4%-ын (90,7 мың теңге) құрайды.

Мысалы, АҚШ-та бір адам ай сайын тамаққа 210,6 мың теңге жұмсайды, бұл оның жалақысының 9,6%-ын құрайды. Қырғызстанда азық-түлік шығындары табыстың 44,3%-ын (87,2 мың теңге), ал Өзбекстанда 35%-ын (83,3 мың теңге) құрайды.

Түркия тұрғындары жалақыларының 30%-ын (103,3 мың теңге), ресейліктер 27,7%-ын (92,9 мың теңге), қытайлықтар 21,9%-ын (103 мың теңге), ал германиялықтар 11,8%-ын (184 мың теңге) азық-түлікке жұмсайды.

Бұл статистика басқа шығындарды (такси, коммуналдық қызметтер, тұрмыстық тауарлар, тұрғын үй жалдау) есепке алмайды. Дегенмен, Қазақстанда баспана жалдау бағасы Ресей мен Қырғызстанға қарағанда қымбат.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.