Қазақстан мал экспортын күрт арттырды

вчера

Қазақстан шетелге жылқы, шошқа және ірі қара мал жеткізуді ұлғайтты, деп хабарлайды LS.

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында елімізден шетелге 249 мың бас мал шығарылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда төрт есе көп.

Ірі қара мал экспорты 2,6 есе артып, 42,6 мың басқа жетті. Мал негізінен Өзбекстанға – 35,7 мың бас (+2,5 есе), Тәжікстанға – 5,3 мың бас (+6,5 есе), Әзербайжанға – 1,6 мың бас (+1,5 есе) жөнелтілді.

Сондай-ақ, отандық жеткізушілер шетелге қой да сатты – 8,5 мың бас (+2,3 есе). Бұл қойларды Өзбекстан сатып алды.

Жылқы экспорты бірден 12,2 есе өсіп, 6,4 мың басқа жетті. Бұл бағыттағы негізгі нарықта – Өзбекстан.

Бұдан бөлек, Қазақстаннан 190 мың үй құсы мен балапан экспортталды. Бұл өткен жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда 4,7 есе көп. Құстар Тәжікстанға жеткізілді.

Шошқалар да экспортталды – Қырғызстан мен Өзбекстанға 1,5 мың бас (+2,5 есе).

Сонымен қатар, елге әкелінген мал мен құс саны да 22,7%-ға артып, 2,5 млн басқа жетті.

Алайда, ірі қараны жергілікті шаруа қожалықтарына жеткізу 1,6 есе азайып, 1,7 мың басты құрады. Импорттаушы елдер: Ресей – 698 бас (-2,3 есе), Венгрия – 492 бас (+2,1 есе), Германия – 250 бас (+3,6 есе), Чехия – 64 бас (өзгеріссіз), Аустрия – 189 бас.

Қазақстанға жылқылар, қашырлар мен есектер аз мөлшерде әкелінді – барлығы 446 бас. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,2 есе аз.

Ең көп мал Ресейден жеткізілді – 346 бас (10,4 есе азайған). Әзербайжаннан 55 бас әкелінді (14 есе азайған). Ал Ирландиядан 16 бас, Франциядан 13 бас жеткізіліп, бұл елдерден импорт едәуір артқан.

Сондай-ақ, Қазақстан шетелден үй құстары- балапан, күркетауық, үйрек пен қаз сатып алды. Жалпы саны – 2,5 млн бас (+23%). Құстар Ресей, Венгрия, Франция және Өзбекстаннан әкелінді.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.