Қазақстан кен орындары неге сарқылып жатыр

22 июня 2026 года

Қазақстандағы мұнайлы өңірлердің бірінде соңғы жеті жыл ішінде мұнай өндіру көлемі екі есеге қысқарды. Бұл туралы LS-ке энергетика министрлігінде хабарлады.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, Қашаған, Қарашығанақ және Теңіз сияқты ірі кен орындарын қоспағанда, елдегі мұнай кеніштерінің көпшілігі игерудің соңғы кезеңдеріне жақындаған. Соның салдарынан мұнай өндіру қарқыны бірқатар өңірде, әсіресе Қызылорда мен Ақтөбе облыстарында төмендеп келеді.

"Биыл Қызылорда облысында мұнай өндіру көлемін 3 млн тонна деңгейінде сақтау жоспарланған. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен бірдей. Дегенмен, өңірдегі өндіріс көлемі 2019 жылмен салыстырғанда екі есеге азайған",- деп мәлімдеді министрлікте.

Министрліктің мәліметінше, бүгінде игеріліп жатқан кен орындарының басым бөлігі өткен ғасырдың ортасында ашылған. Осыған байланысты олардың қоры сарқылып, мұнай өндіру көлемі біртіндеп төмендеп келеді.

Мұнай қорын толықтыру мақсатында геологиялық барлау жұмыстары жалғасуда. Жыл сайын жаңа жобалар өнеркәсіптік игеру кезеңіне өтіп, елдің қор базасын ұлғайтуға мүмкіндік беріп отыр.

Сонымен қатар, әлеуеті жоғары әрі аз зерттелген аумақтарда жаңа кен орындарын анықтау бағытында іздестіру жүргізілуде. Инвесторларды тарту үшін қолайлы жағдайлар жасалып, жер қойнауын тереңірек зерделеуге арналған сейсмикалық зерттеулер қолға алынуда.

Бұған дейін, LS редакциясы Қазақстанның мұнай өндіру көлемін арттыруға мүмкіндік алғанын жазған еді. Сарапшылар бұл қадамның экономикаға ықпалына да баға берген болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Последние новости:
Нефтегазовый сектор принес Казахстану 5,4 трлн теңге за восемь месяцев
18 сентября 2026 года
Почти 900 тыс казахстанцев сменили место жительства за полгода. Инфографика
18 сентября 2026 года
ТЭЦ-2 в Алматы готова на 94%, по ТЭЦ-3 отстают от графика
19 сентября 2026 года
Бензин не прошел проверку на АЗС трех регионов Казахстана
19 сентября 2026 года
Қазақстанда тоқыма өндірісі қарқын алды
18 сентября 2026 года
Итоги K26: каким бизнес и эксперты видят будущее экономики
18 сентября 2026 года
Новые правила для брокеров: 16 цифровых активов и раскрытие внебиржевых сделок
18 сентября 2026 года
Новое жилье или деньги: что предлагают владельцам аварийных домов в Алматы
18 сентября 2026 года
Казахстанские МФО столкнулись с падением прибыли и ростом просрочки
18 сентября 2026 года
Казахстан возвращается к своему текстилю: производство резко выросло
18 сентября 2026 года
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.