Қазақстан ЕАЭО-ның кедендік баждарын қайта қарауды талап етпек

17 октября 2023 года

Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кедендік аумағына баж сомаларын бөлу әдістемесін өзгерту мәселесін талқылауды жалғастыруда. Сауда және интеграция министрлігінде LS-ке егжей-тегжейі айтылды.

Министрліктің ақпараты бойынша, ағымдағы геосаяси жағдайды ескере отырып, сыртқы сауданың географиялық құрылымы мен көлемінде трансформация байқалады. Бұл жеткізу тізбегінің өзгеруіне байланысты, нәтижесінде ЕАЭО-на мүше елдердің бюджеттері арасында бөлінетін кедендік әкелу баждарының сомасына әсер етеді.

Қазіргі уақытта бұл төлемдер: Қазақстан – 6,955%, Қырғызстан – 1,9%, Армения – 1,22%, Беларусь –  4,86%, Ресей – 85,065% құрайды.

Қазақстан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында кедендік әкелу баждарының сомаларын бөлу нормативтерін қайта қарау туралы мәселеге бастамашылық жасады.

Аталмыш мәселе 2023 жылдың 26 қазан күні жоспарланған Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы барысында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің үкімет басшылары деңгейінде көтерілетін болады.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.