Қазақстанға 100 тоннадан астам зергерлік бұйым әкелінді

вчера

Қазақстанда Испания мен Гонконгтан жеткізілетін алтын және күміс әшекейлерге сұраныс артып келеді, деп хабарлайды LS.

2025 жылы Қазақстанға бағалы және бағалы металмен қапталған зергерлік бұйымдардың 102,2 тоннасы әкелінген. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 1,6 есе көп. Импорттың жалпы құны $225,1 млн болды.

Зергерлік бұйымдардың негізгі бөлігі Ресейден жеткізілген – 88,2 тонна (+43,4%), құны 108,7 млн доллар. Сонымен қатар, сақина, алқа және білезік секілді әшекейлер Армениядан – 5,3 тонна (+6,6 есе) $5,8 млн-ға, Таиландтан – 775,1 кг (-21,9%) $9,7 млн-ға, Италиядан – 518,7 кг (-6,8%) $31,9 млн-ға әкелінген.

Зергерлік бұйымдар аз көлемде Франциядан – 47,5 кг (+21,8%) $35,2 млн-ға, Швейцариядан – 34,1 кг (-19,7%) $9,2 млн-ға, Гонконгтан – 33,3 кг (+13,3 есе) $826,6 мың-ға, Испаниядан – 31,3 кг (+1,8 есе) $1,7 млн-ға, Ұлыбританиядан – 10,5 кг (+1,5 есе) $9,4 млн-ға жеткізілген.

Ал інжу тастан жасалған әшекейлерге қызығушылық азайған. Бір жыл ішінде мұндай бұйымдардың 1,9 тоннасы ғана импортталып, оның құны $136 мың-ды құрады. Ал 2024 жылы бұл көрсеткіш 32 тонна болған. Інжу бұйымдары Ресей, Италия, Германия және Қытайдан әкелінген.

Сонымен қатар, бижутерия импорты да 10,4%-ға қысқарып, 2,3 мың тоннаға дейін төмендеді. Жалпы құны $31,1 млн. Қытайдан жеткізілім 3,4 есеге қысқарып, 452,4 тоннаны ғана құраса, Бразилиядан импорт 1,6 есеге азайып, 11,3 кг деңгейінде қалған.

Дегенмен, бижутерияны Ресейден сатып алу көлемі артқан – 1,8 мың тонна (1,8 есе көп). Сондай-ақ, мұндай әшекейлер Вьетнамнан – 2 тонна (+25%), Таиландтан – 916,7 кг (+28,5%), Италиядан – 485,3 кг (+5,9%), Гонконгтан – 31,5 кг (+3,7 есе) және Австриядан – 15,8 кг (+13,6%) жеткізілген.

Қазақстан зергерлік бұйымдарды тек сырттан әкеліп қана қоймай, оларды экспортқа да шығарады. 2025 жылы шетелге 4,1 тонна әшекей сатылып, бұл көрсеткіш 17%-ға өскен. Экспорттың жалпы құны $64,8 млн болды.

Негізгі сатып алушылар

Ресей – 3,8 тонна (+1,6 есе) $4,5 млн-ға, Сингапур – 46,8 кг (+117 есе) $21,3 млн-ға, Швейцария – 48,3 кг (+241,5 есе) $29,8 млн-ға, АҚШ (2024 жылы жеткізілім болмаған), Германия – 19,7 кг (-10,8%) $1,6 млн-ға, Қырғызстан – 21 кг (-47,6 есе) $315,5 мың-ға.

Сондай-ақ, шетелге 16,4 тонна бижутерия (+28%) $585,3 мың-ға экспортталған. Бұл өнімдер Ресей, Беларусь, Франция, Германия, Қырғызстан, Испания және Моңғолияға жіберілген.

Бұған дейін, LS редакциясы 2026 жылдың желтоқсанында зергерлік бұйымдарды міндетті таңбалау жүйесі енгізілетінін хабарлаған еді. Тиісті қаулыны үкімет бекіткен. Бұл шара саладағы көлеңкелі нарықты азайтуға бағытталған, себебі жасырын айналым үлесі 99%-ға дейін жетеді.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.