Қазақстан +7 кодын сақтап қалды

15 ноября 2023 года

Қазақстан +7 телефон кодын қалдыру бойынша шешім қабылдады. Бұл туралы LS-ке цифрлық даму министрлігінде хабарлады.

Министрлікте қазіргі уақытта 2006 жылы екі ел тарапында жасалған "Дүниежүзілік нөмірлеудің 7-ші аймағының нөмірленуін пайдалану туралы" келісімге сәйкес Ресеймен +7 интеграцияланған халықаралық кодты қолданатынын түсіндірді.

Бұл ретте 2021 жылы Қазақстан +997 халықаралық телефон кодын сақтап қалды.

Алайда, аталмыш байланыс операторларымен мәселені пысықтау барысында бірқатар қаржылық және технологиялық проблемаларға әкеп соқтыруы мүмкін екендігі атап өтілді.

Абоненттер мемлекеттік және банктік қызметтерді алу үшін барлық әлеуметтік желілер мен түрлі қосымшаларда өз деректерін жаңартуға мәжбүр болады. Тиісінше, өтпелі кезеңде сәтсіз жағдайлар да орын алуы мүмкін.

"Министрлікте халықаралық телекоммуникация одағымен қайта келіссөздер жүргізілді. Халықаралық  +7 кодын өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылданды", - деп түсіндірді цифрлық даму министрлігінде.

Осыған байланысты Ресейдің цифрлық даму, байланыс және бұқаралық коммуникациялар министрлігімен "Дүниежүзілік нөмірлеудің 7-ші аймағының нөмірленуін" пайдалану туралы елдер арасында жаңа келісім жасасу мәселесі пысықталды.

Қазіргі уақытта жоба мемлекеттік органдармен және мүдделі тараптармен келісілген. Бүгінде ол дипломатиялық арналар арқылы Ресей Федерациясына жіберілді.

"Қазіргі уақытта Ресей жағында мемлекетішілік қайта келісілу рәсімдері жүргізілуде. Әрі қарай, жоба Ресей Федерациясымен келісілгеннен соң  құжатқа қол қою және қабылдау жұмыстары рәсімделеді. ҚР Үкіметінің екі қаулысы қабылданады", - деп қорытындылады министрлікте.

Бұған дейін, LS редакциясы Қазақстан 2025 жылдың қаңтарына дейін жаңа +997 телефон кодына толығымен көшетінін хабарлаған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
На чем зарабатывают казахстанские банки и почему они прибыльнее развитых стран
сегодня
Жители Казахстана тратят на еду большую часть зарплаты, чем в Беларуси, России и Китае. Инфографика
сегодня
Қазақстан ЕО санкциялар жөнінде ескерту алмады
сегодня
Дьявол кроется в деталях: названы главные страхи инвесторов горнорудной отрасли
сегодня
Бюрократия дороже урожая: Казахстан теряет овощные рынки соседей
сегодня
Казахстан не получал уведомлений от ЕС о введении вторичных санкций
сегодня
Нацбанк выполняет свою роль, но инфляция остается высокой из-за действий правительства – мнение
сегодня
НПЗ Казахстана обяжут производить больше востребованных ГСМ
сегодня
Банктер шоттар жайлы мәліметті салықшыларға тапсырады
вчера
Президент указал на перекосы в расходах и поручил навести порядок с соцподдержкой
вчера
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.