Атырау облысында 800 млрд теңгенің үш жобасы ашылмақ

Жобалар мұнай-химия өнеркәсібі мен құрылыс индустриясында жүзеге асырылады

4 августа 2021 года
    

Атырау облысында жалпы құны 818 млрд теңгеден асатын үш жобаның ашылуы күтілуде. Бұл туралы LS-ке өңірлік әкімдікте хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, өндірістік қуаттар мұнай-химия өнеркәсібі мен құрылыс индустриясында ашылатын болады. Инвестицияның жалпы көлемі 818 млрд теңгеден асады. 515 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде.

Мәселен, "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағында газ-химия кешенінің бірінші кезеңінің құрылысы жүргізілуде. Әкімдіктің мәліметтері бойынша полипропилен өндірісі іске қосылады. Жобаны іске асыру 814,28 млрд теңгеге бағаланып отыр. Қуаттылығы жылына 500 мың тонна полипропиленді құрайды. Өндірісті толық іске қосу 2022 жылдың I тоқсанында жоспарланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың тамызында KPI технологиясы және өндірісі бойынша басқарма төрағасы Денис Козырев іске қосу-жөндеу жұмыстары 2021 жылдың қыркүйегінде басталатынын хабарлаған еді. Оның мәліметінше, іске қосылғаннан кейін 586 адам жұмысқа орналасады. Сонымен қатар, Д.Козырев екі жыл ішінде зауыт цифрландырылатынын жеткізді. Атап айтқанда, жұмыс орындарын қысқарту күтілмейді.

Осы жылдың соңына дейін Жылыой ауданында тыңайтқыштар өндірісі басталады деп күтілуде. Жобаның құны 4 млрд теңгені құрайды. Әкімдікте түсіндіргендей, кәсіпорында жылына 10 мың тонна тамақ қалдықтары өңделіп 5 мың тонна тыңайтқыш шығарылады.

Ал Индер ауданында 160 млн теңгеге құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру іске қосылмақ. Жобаның қуаттылығы жылына 10 мың тонна құрғақ құрылыс қоспаларын құрайды.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.