Атырау облысы бес жыл ішінде қалай өзгермек

Қаражаттың 90%-ын немесе 8,7 трлн теңгені жеке инвестициялар құрайды

18 июня 2021 года

Алдағы бес жылда Атырау облысын дамытуға 9,5 трлн теңге жұмсау жоспарлануда, деп хабарлайды LS.

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтың айтуынша, Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында алдағы бес жылда 9,5 трлн теңге сомасына 198 іс-шараны іске асыру жоспарланып отыр. Оның ішінде қаражаттың 90%-ын немесе 8,7 трлн теңгені жеке инвестициялар, 671 млрд теңгені – республикалық бюджеттен, 108 млрд теңгені – жергілікті бюджеттен құрайды.

"Мұнай өндіруді 28%-ға, 60 млн тоннаға дейін ұлғайтуға қол жеткізіледі. 2025 жылға қарай осындай жобалар есебінен өндіруді жылына 12 млн тоннаға арттыруға есептелген теңіз аясын кеңейту, Қашағандағы іс-шаралар кешені, ол мұнай өндіруді жылына 2 млн тоннаға дейін арттыруға алып келуі тиіс", - деді ол.

Бұдан басқа, "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" АЭА аумағында жалпы сомасы 6,1 трлн теңгеге төрт жаңа жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Олардың қатарында құрылысын аяқтау ағымдағы жылдың соңына жоспарланған полипропилен өндірісі бар. Сондай-ақ, полиэтилен, бутадиен каучуктері бойынша жобалар, метанол және олефиндер зауыты, терефталь қышқылы мен полиэтелентерефталат өндірістерiн жетiлдiру алдағы жоспарда.

"Кәсіпкерлік саласындағы шаралар 5 мыңнан астам жаңа ШОБ субъектілерін және 12 мың жұмыс орындарын құруға, ЖӨӨ үлесін 25%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 11%-ға, 96 млрд теңгеге дейін өседі, 19,6 млрд теңге сомасына 23 инвестициялық жобаны іске асыру есебінен. 14 арнаны күрделі жөндеу нәтижесінде суару-суландыру жүйелерінің жағдайы жақсарады", - деп атап өтті Досмұхамбетов.

2025 жылға қарай жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 640 км қайта құру және жөндеу нәтижесінде 95%-ға дейін артады деп күтілуде.

"Атырауда қоқыс өңдеу зауытын, қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу және қолданыстағы қалдықтарды қалпына келтіру жоспарлануда. 147 млрд теңге сомасына тоғыз жобаны іске асыру есебінен тұщы су тапшылығы мәселесі шешілетін болады. Атап айтқанда, сүзгі станциялары мен су тазарту құрылыстарын, топтық және магистральдық су құбырларын, оның ішінде "Астрахань – Маңғышлақ", ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау жөніндегі іс- шараларды салу және реконструкциялау", - деп түйіндеді әкім.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Атырау облысында ауыл шаруашылығы көлемінің күрт өсуі байқалады, алайда негізгі капиталға инвестициялар азаяды. Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" АЭА жұмысын сынға алды. Оның айтуынша, 2015 жылдан бастап аймақты дамытуға 162 млрд теңге бөлінді, алайда бір ғана жоба іске қосылды.

Бұған дейін мәжілісмендер полиэтилен мен полипропилен өндіру жөніндегі жобалардың орындылығына күмән келтірген болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.