Қашаған: экологиялық дау қай деңгейге жетті

сегодня

Қашаған кен орнындағы экологиялық дауға қатысты істің мән-жайын LS-ке әділет минрстрлігінің мәжбүрлеп орындату комитеті түсіндірді.

Ведомство мәліметінше, 2025 жылғы 18 тамызда Атырау облысының бас мемлекеттік экологиялық инспекторы шығарған қаулы негізінде мемлекеттік сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізуді бастаған.

Іс "Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В." (NCOC) филиалынан экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін салынған әкімшілік айыппұлды мемлекет пайдасына өндіріп алуға қатысты.

Мемлекеттік сот орындаушысы заңнамаға сәйкес берешекті өндіріп алу үшін қажетті шараларды жүргізіп жатыр.

"ҚазМұнайГаз" LS редакциясының сауалына берген жауабында ExxonMobil Holdings Corp.-тың Қазақстанға үкімет пен халықаралық компаниялар арасындағы $150 млрд-лық дауды реттеу бойынша қандай да бір шарт қойғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұған дейін, БАҚ-та мұндай талаптың орындалуы Қашаған кен орнын кеңейтуге жоспарланған $80 млрд-лық ықтимал бірлескен инвестицияларға әсер етуі мүмкін деген ақпарат тараған еді.

Бұған дейін, NCOC компаниясының мүлкі мен көлік құралдарына тыйым салынғаны хабарланған.

Ал Әділет министрлігі компаниядан 2,3 трлн теңге көлеміндегі экологиялық айыппұлды мәжбүрлеп өндіріп алу мүмкін екенін айтқан.

*Мәліметтер Атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен алынды.

"Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" ҚР-ның Заңы.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.