Теlе2 байланыс операторының сапасы қандай?

3 июня 2011 года
Жанболат МАМЫШЕВ Теlе2 шведтік телекоммуникация холдингі Қазақстанда нағыз маркетингтік соғыстың туындауына себепші болды. Бұл жерде мафия образын сомдаған агрессивті жарнамаларын ғана емес, SIM-картілерді тегін тарауды ұйымдастырғанын ерекше айтып өтуге болады.  Осындай тәсілдерді пайдалану арқылы жаңа байланыс басқа ұялы байланыс оперторларынан ерекшелене ала ма? Бүгінде дискаунтер имиджін қалыпастырған Теlе2 2010 жылдың тамыз айында Neo брендімен тегін SIM картілерді таратып акция ұйымдастырған болатын. Әйткенмен шведтер, өздерінің жеке брендімен Қазақстанда байланыс желісін дамытуды ұйғарды. Мұндай әрекет бұрынғы сапасы төмен байланыстан алыстау ниетінен туындаған болар. Төмендегідей қызықты деректерге назар аударалық: 2010 жылдың наурыз айында Теlе2 Казақтелекомнан, Нео сим картілерінің саны 265 мыңды құраған шықта, «Мобайл Телеком-Сервис»/Neo ЖШС-нің 51 % үлесін сатып алған болатын. Теlе2 ресми түрде қолданысқа енбестен бұрын жаңа бренд арқылы төмен тарифтермен үлкен байланыс мүмкіндіктерін бере алатынын мәлім еткен болатын. Алайда, қазірде  оператор тек тартымды ғана баға ұсына алатын жағдайға ие. Ал байланыс сапасы екінші кезекте. Теlе2 байланыс сапасының төмендігін нарық қатысушылары оператордың дәстүрлі 2100 МГЦ жиілігінің орнына 900 МГц диапазон жиілігін пайдаланатынын себеп ретінде алға тартады. Теlе2 өкілі инвестициялауда үнемдеуді шешкенін жасырмайды. Өйткені 900 МГц арқылы аз ғана базалық станцияларды қолданып, Қазақстанның барлық территоряисын, аумағын қамтуға мүмкіндік береді. Дегенмен, абоненттер санының күр өсуі байланыс сапасын төмендетеді. Сондықтан да, Теlе2 алдында желілерге үлкен мөлшерде қаражат бөлу мақсаты тұр. Бұл жерде опертордың абоненттік базалардың өсіп кеткен жағдайда1800 және 2100 МГц диапазонында жиілікті алдын ала резервтеп қоюы жайдан жай емес екенін аңғаруға болады. Маусым айының соңына қарай Теlе2 Қазақстанның 4 облысына қанат жайып үлгерді. Атап айтсақ, Ақтөбе облысы, Батыс Қазақстан, Алматы, Ақмола облыстары және Алматы мен Астана. Аталмыш аймақтардың барлығында оператор кейіннен 400 теңге бірлігі бар SIM-картаға ауыстыруға болатын тегін сертификаттар таратты. Осының салдарынан,  Астанада сертификаттарды SIM-карталарға ауыстыру бірнеше күнге созылды. Ал үлгермегендер компанияның кеңселерінде бос номерлерді сатып алып жатты. Сертификаттардың шектеусіз таратылғанына қарағанда, Қазақстанда Теlе2-нің абоненттік базасының екінші тоқсан қорытындысы бойынша қаншалықты дәрежеде өскені жайында тек жобалауға болады. Опервтордың өкілдері таратылған сертификаттардың нақты санын айтпай отыр. Таратылған SIM-картілердің барлығында «Зазвони всех» тарифі қосылған. Тарифтің ерекшелігі сол – Қазақстан бойынша желі ішінде және өзге опертарларға қоңырау шалу минутына 8 тенгені, ал егер өз аймағынан тысқары жүрсе минутына 11 құрайтынында. Бұл орайда Теlе2-нің әр минутте 12 теңге тарифын пайдалану арқылы интерконтентте ұтылатынын айта кету жөн. Неліктен Теlе2 осындай әрекеттерге бел байлап отыр? Бұған себеп, 4 жылдан соң қазақстандық нарықтың 20-30 % үлесін жаулап алатынына өздерінің акционерлерін сендірген болатын. Оператор сөйлесудің әрбір минутына бірдей бағаны ұсыну арқылы ұпай жинап отыр. Қазақстандағы кейбір тарифтердің арзан деп есептелуіне қарамастан, әңгімелесудің бірінші минутына айтарлықтай көп төлем кетеді. Неліктен осындай жағдайлардың орын алып отырғанын Байланыс және ақпарат министрлігінің ұсынған статистикасынан аңғаруға болады. Статистика бойынша Қазақстандағы ұялы телефон арқылы сөйлесудің орташа ұзақтығы 40 секундтан аспайды. «Зазвони всех» тарифтік жоспарын қоспағанда, Теlе2 қолданушыларға «Клан» тарифін ұсынды. Ерекшелігі – Қазақстан бойынша желі ішінде сөйлесу құны 3 теңге.  LS-ке берген сұхбатында «Tele2 Казахстан» басқармасының төрағасы Андрей Смелков осындай арзан тарифтің оператор үшін өте пайдалы екенін ерекше атап өтті. Теlе2-нің РФ аумағына енген тұстарында оператор минутына 1-5 тиын ұсынды(5-25 тиын). Теlе2 Beeline тәрізді ресейлік тәжірибеге сүйене отырып, аймақтық тарифтерді ұсынып отыр. Яғни, абонеттерге аймақ бойынша желі ішінде сөйлесу құнын арзандатты. Қазақстандық  GSM-операторлары, ендігі ретте, «еларасындағы роуминг» үшін ғана  төлеуге ұсыныс жасап отырғанын байқауға болады. Қазақстанның төрт аймағына таралғанының арқасында қанша абоненттер жинақтағаны жайында Теlе2 әзірге жасырып келеді. Алайда, жақсы маркетингтің арқасында опертордың абонеттік базасының біршама өскендігі айдан анық. Межелеген мақсаттарына жету үшін Теlе2 қазақсандық активтерге 1,2-1,4 млрд шведтік крон инвестициялап отыр (1 шведтік крон – 22,27 теңге).  Компания 2 жылдың ішінде еңселерін көтеруді мақсат қылған болатын. Бұған дейін Теlе2 қазақстандық желіні дамытуға 2010-2013 ж.ж  337-365 млн$  қаражат бөлуді жосапралаған еді. Салыстыру үшін: BымпелКомның Қазақстандағы Beeline байланыс желісіне қаражат бөлуі соңғы төрт жылда 105 млрд тенге құраған-ды. 2010 жылы Қазақстандық ұялы байланыс операторлары қаражаты 271,7 млрд теңгені құрады. Зор пайда тапқан   Kcell мен Beeline болды. TeliaSonera сайтының жарияланымына сенсек, 2011 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстандағы Kcell/Activ SIM-картілерінің саны 9 млн асса, ал нетто-сатылымдары 27,7% жоғарылады. Осы жерде Теlе2 нарқытағы кірісіне назар аударсақ,бірінші тоқсанда 29 млн кронды құарп отыр. Сондықтан болар, кішкентай кіріс көзінің салдарынан оператордың жаңа абоненттерді тартудағы белсенділігін аңғаруға болады. 2011 жылдың соңына қарай Теlе2 базалық станциялардың санын көбейтуді жоспарлап отыр. 2009 жылы Теле2-нің жол салушысы Neo-ның базалық станцияларының саны 800-ге жетті. Ал Beeline ағымдағы жылда базалық сатнацияларының саны 4 мыңға жеткенін жасырмайды. Теlе2-нің Қазақстанға енуі бәсекелестікті өршітіп жіберді. Басқа байланыс операторлары алаңдай бастады. КаР-Тел/Beeline бірден маркетингін қолына алды. «Дискаунттер ешқашан Beeline-мен байланыс сапасы, тарифтері арқылы бәсекелесе алмайды»,  - деп  LS-ке берген сұхбатында Кар-Телдің қоғаммен байланыс операторы Юрий Дорохов мәлімдеді. Ресей аймағында Beeline Теlе2 мен бақталастығында ешбір абоненттерін жоғалтып алмай тұрақтылығын сақтап отыр. Beeline-ның Теlе2-мен қатар жарнамалық акцияларын әуелі Ақтөбеде, кейін Оралда, Алматыда және Астанада өткізуі таң қаларлық жағдай емес. Егер басында Beeline жай ғана SIM-картілерін таратумен айналысса, кейінен Алматыда «Дос» деп аталатын жаңа виртуалды брендті айналымға енгізді. Және « бұл бренд Қазақстанның төл ұялы байланыс бренді» деп сендірді. Ал бұл негізінен суббренд. Beeline алматылықтарға және облыс тұрғындарына 25 күнде 1 рет 300 тенг салған соң желі ішінде су тегін сөйлесуга болатын жаңа тариф ұсынды. Ал қалған номерлерге алғашқы минутына 15 тенге, ал екінші минуттен соң 5 тенгеге қоңырау шалуға ұсынды. Бұдан Beeline-ның Теlе2-ден өзіне қауіпті бәсекелесті көретінін аңғаруға болады. Ресейде Теlе2-нің нарыққа ене бастаған шағында МегаФон Новосібір облысында минутын 5 тиын «Просто для общения» виртуалды операторын ұсынды.Виртуальды оператор үшін тіпті жеке федеральді код нумерациясын -929, жеке биллингін, қызмет көрсету кеңсесін және абоненттерге қолдау көрсету қызметімен қамтамасыз етті. Нәтижесінде аталмыш суббренд бірнеше аймақтарда ашылды. Мәселен, Мәскеу және Мәскеу облысында. Бұл жағдайға немқұрайлы қарап отырған Қазақстандағы жалғыз оператор ­- Kcell. Ол жаңа клиенттерді тарту немесе бар клиенттерді жоғалтып алмау үшін айтарлықтай акциялар ұйымдастырған жоқ. Теlе2-нің Астанаға келуі кезінде басымдық танытып отырған Kcell опреторлары Activ абоненттеріне «дауыстық пакеттер: күніне150 тенгеге 30 минуттан»  акциясын ұсынды. Акцияға қосылу құны 200 теңге. Тарифтерден өзге, байланыс операторы үшін байланыс сапасының жақсы болуы маңызды болып табылады. Бұрынғы және жаңа операторлар сапаның төмендігін көлденң тартуда. Сонымен қоса, Теlе2 арқылы ғаламторға қосылу мүмкін еместігін айтып жар салуда. Ал бұл мәселе өз кезегінде аса сенімділік тудыра қоймайды. Қымбат байланыстан шаршаған абоненттер Теlе2 арқылы оңтайлы тарифтерді ғана емес, сапалы байланыс болатынына сеніммен қарады. Алайда бұл сенімдері ақталмады. Теле2-нің базалық станцияларының санын арттырамыз деп жария еткен жоспарларына қарамастан, Астананың қала маңындағы аймақтарына байланыс жетпеген. Бүгінде бұл операторды қалада ғана ыңғайлы екеніне күмән келтірмейміз. Сондықтан да Теlе2-нің жаңа абоненттері екі симкалы(Kcell немесе Beeline )ұялы телефон алғуға ұмтылуда. Бұл тұрғыда туындайтын тағы бір қиындық Теlе2-ге  қосылған абонентке басқа номерлерден қоңырау шалудың қымбаттығы тағы бар. Яғни, SIM-картілерді тегін тарату және бонусты бірліктерді беру көп жағдайда өз мақсатына жете бермейтінін ескерген абзал. LS-нің пікірінше, ұялы байланыс операторларының арасындағы тарифтік және тарифтік емес бәсекелестіктің өршіп кету жасырын емес. Ал Теlе2 өз тұрғысынан жаңа абоненттерді көптеп тартуға ұмтылатыны хақ. Beeline-да бұл бәсекелестікте намысын қолдан бермеуге тырысады. Жаңа, соны әрі қызықты тарифтерді ұсыну сөзсіз байланыс операторының беделін арттырады. Сол себепті, Теlе2 алдында жинаған абоненттер санын тұрақты ұстап қалу мақсаты тұр. GSM-операторларындағы SIM-картілердің саны
Оператор 31 наурыз 2010 жыл 31 наурыз 2011 жыл
K-cell/Activ Мәлімет жоқ 9 млн астам
Beeline 6 090 887 6 986 979
Neo/Tele2 265 000 308 000
Дерек көзі ­ - AC&M Consulting иTeliaSonera Қазақстандық оперторлардың табыс мөлшерлері
Кезең Табыс, млрд теңге
2008 жыл 217,5
2009 жыл 237,9
2010 жыл 271,7
Дерек көзі ­– ҚР Статистика жөнінде агенттігі
Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.