Араб инвесторы Қазақстанда зауыт салмақ

3 августа 2022 года

Сауд Арабиясының инвесторы Қазақстанда $200 млн-ға агрожобаны іске асырады. Бұл туралы LS-ке Kazakh Invest хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, "Қазбиосорго" мен Аjlan&Bros Holding Group компаниясы арасында $200 млн сомасына меморандумға қол қойылды. Қазақстанда бөтелкеленген органикалық сироп пен мал шаруашылығы үшін жоғары калориялы жем өндіретін зауыт ашу жоспарланып отыр. Жобаны іске асыру мерзімі 2024 жылға белгіленген.

Ұлттық компанияның ақпаратынша, басқа инвестор- ACWA Power-жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларға қатыса алады. Болжанып отырған ынтымақтастық нәтижесінде жел электр станцияларын, бу-газ электр станцияларын, сондай-ақ энергия жинақтауға арналған батареяларды өндіретін зауыт салу жоспарланып отыр.

Бұдан басқа, Аjlan&Bros Holding Group Ability-мен радиохимия және инновациялық технологиялар мен әзірлемелер трансферті саласындағы бірлескен қызметтің ықтимал бағыттары мен міндеттерін айқындау туралы құжатқа қол қойылды.

Ұлттық компанияда Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасында 13 меморандумға қол қойылғанын еске салды. Қол қойылған құжаттар есебінен ауыл шаруашылығы, пайдалы қазбаларды өндіру, тамақ өнімдері, химия, энергетика, газ химиясы, туризм және инфрақұрылым салаларындағы жобалар пысықталады деп күтілуде.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.