Алтынды заңсыз өндірушілер құрықталуда

17 мая 2024 года

Қазақстанда заңсыз алтын өндірісі көбейген.  Ішкі істер министрлігірде (ІІМ) LS-ке ең көп зардап шеккен өңірлер туралы айтты.

Министрліктің мәліметінше, ағымдағы жылы ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімшелері құрамында алтын бар кенді заңсыз өндірудің алты фактісін анықтады. Бес жағдай Ақмола облысына, біреуі Шығыс Қазақстан облысына тиесілі. Өткен жылдың осы кезеңінде Ақмола және Қостанай облыстарында екі факт анықталды.

Келтірілген залалды есептеу бойынша сараптамалар тағайындалды.

Сондай-ақ, биыл 14 қара іздеуші анықталған: 3-і Ақмола облысында,

11-і Шығыс Қазақстан облысында. Бір жыл бұрын Ақмола облысында тек 3 факт тіркелді.

"Пайдалы қазбаларды заңсыз өндірудің алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ, қара іздеушілерді анықтау үшін ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімшелерінің қызметкерлері, оның ішінде алтын өндіруші және қайта өңдеуші кәсіпорындардың ішкі қауіпсіздік қызметтерінің өкілдерімен бірлесіп рейдтік іс-шаралар жүргізілуде", - деп сендірді ІІМ-де.

Бұған дейін, LS тілшісі елдегі ірі алтын кенішінде жүздеген "қара іздеушілер" ұсталғанын хабарлаған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.