Алтын Орда базарының жай-күйі қандай болмақ

24 февраля 2022 года

Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев "Алтын Орда" базарында қандай жұмыстар жүргізілетінін айтты, деп хабарлайды LS.

Әкімнің айтуынша, қазір облыстың ірі базарымен жинақталған проблемаларды шешу міндеті тұр. Атап айтқанда, олар құрылыс, санитарлық және салықтық бақылау жүргізу.

"Президенттің "Алтын Орда" базарында тәртіп орнату тапсырмасы бар. Қазір дайындық үстіндеміз. Әзірге нақты сандарға тоқталмай-ақ қояйын. Бірақ осы базармен байланысы бар кейбір компаниялар өткен жылдары 10 млн теңгеден 20 млн теңгеге дейін салық төлеген. Осы ретте олар бюджетке қанша ақша салмағанын елестете аласыз. Сондықтан жұмыс барлық бағыттар бойынша жүргізіледі", - деп сендірді әкім.

Бозымбаев "Алтын Орданың" жұмысын жеңілдету және ашықтығын қамтамасыз ету үшін Іле ауданында А+ класты автоматтандырылған логистикалық хаб салу жоспарланғанын айтты.

"Оның ауданы 200 мың шаршы метрді құрайды. Ол үшін $200 млн көлемінде инвестиция тартамыз, шамамен 1,5 мың жаңа жұмыс орны құрылады", - деп түйіндеді өңір басшысы.

Бұған дейін Бозымбаев логистикалық хаб аграршылардың ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу үшін жаңа терезе құратынын айтқан болатын.

Естеріңізге сала кетейік, vемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Алтын Ордада" екі ай iшiнде тәртіп орнатуды тапсырған болатын. Сондай-ақ, ол қажет болған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгінуге болатынын атап өтті. Сонымен қатар, ол бүкіл Қазақстан бойынша базарлар жұмысын заңнамалық тұрғыдан регламенттеуді тапсырды.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
Падение доходов населения и уроки от Кыргызстана – что беспокоит главу Нацбанка
14 ноября 2025 года
Мясо и пшеница караванами: поставки казахстанских продуктов в Узбекистан растут. Инфографика
14 ноября 2025 года
Казахстан и Узбекистан хотят совместно производить линейный алкилбензол
вчера
США разрешили КТК, Кашагану и ТШО проводить сделки с ЛУКОЙЛом и Роснефтью
вчера
Правительство утвердило список тех, кто не сможет работать на упрощенке
14 ноября 2025 года
Неравная конкуренция: Шаяхметова о растущем влиянии государства в бизнесе
14 ноября 2025 года
В нескольких областях отмечено падение производства яиц и мяса
14 ноября 2025 года
Кредиты от телекомов и финтеха возьмут под контроль
14 ноября 2025 года
Банки активно кредитуют бизнес: выдано 14,7 трлн тенге за девять месяцев
14 ноября 2025 года
Цифровые финансовые инструменты должны работать на клиентов – Турлов
14 ноября 2025 года
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.