Алматының жаңа әкімi заңсыз жүрiп жатқан құрылыс жұмыстарын тоқтатты

Талапқа сай емес құрылыс қала тұрғындарын алаңдатады

2 февраля 2022 года

Ерболат Досаевтың әкім ретіндегі жұмысы заңды бұзатын нысандардың құрылысына тыйым салудан басталды, деп хабарлайды LS.

Мегаполис әкімдігінің ақпараты бойынша, 2019 жылдың қазан айынан бастап Алматы қаласында учаскелердің нақты құрылысына тыйым салынған.

"Алайда, қолданыстағы заңнама мен мемлекет басшысының тапсырмасын бұзып жатқан заңсыз әрекетер анықталды. Осыған байланысты, Досаев аталған объектілердегі (19 учаске), оның ішінде Самал-3, ш/а мен Достық, 125 учаскелері орналасқан аумақта мән-жайлар анықталғанға дейін жүрiп жатқан жұмыстарды тоқтату туралы шешім қабылдады", - деп хабарлады әкімдікте.

Еске сала кетейік, мегаполисте құрылыс мәселесі бірнеше рет көтерілдi. Осыған байланысты Алматыда адамдар саны бойынша шектеу қойылып, тұрғын үй кешені маңында балабақшалар, мектептер мен ауруханалар салу міндеттелген болатын. Алайда,бұл жаңа ережелер еңгенге дейін рұқсат алғандарға қатысты болмады. Бақытжан Сағынтаевтың Алматы әкімі ретіндегі соңғы тапсырмаларының бірі – Абай даңғылынан жоғары ғимараттар биiктiгiн тоғыз қабатқа дейін шектеу болды.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.