Алматыда жүрдек қоғамдық көліктің жаңа желілері пайда болады

11 января 2024 года

Алматы әкімдігінде LS-ке қалада жүрдек автобус (BRT) және жүрдек трамвай желілерін (LRT) салу жоспарланып отырғанын айтты.

Әкімдіктің мәліметінше, жеңіл рельсті көліктің бірінші желісін салу шеңберінде биыл техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) әзірленеді.

Бас жоспарға сәйкес оның ұзындығы 31 км болады. Маршрут батыс бағытта Төле би көшесімен Алтын Орда көшесіне дейін, одан әрі "Барлық" базарына дейін салынады. Солтүстік бағытта – Момышұлы көшесімен Төле би көшесінен Алатау ауданындағы индустриялық аймаққа дейін. Шығыс бағытта – Төле би көшесінен Желтоқсан көшесімен Райымбек даңғылына дейін және одан әрі қала шекарасы шегінде "Халық Аренаға" дейін.

"Бірінші LRT желісі негізінен трамвай жолдары бұрын болған жерлерде өтеді. Ол қаланың шығысы мен батысындағы көлік хабтарын, сондай-ақ, Алатау ауданындағы индустриялық аймақты байланыстыратын болады. LRT желісінің түпкілікті трассасы ТЭН әзірлеу процесінде айқындалатын болады", - деп түсіндірді әкімдікте.

Жүрдек автобус желілеріне тоқталсақ, оларды екі бағыт бойынша құру жоспарлануда.

Біріншіден, "Алматыгенплан" екі кезекпен Райымбек даңғылы бойынша желіні тұрғызудың жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуді жүргізеді.

Бірінші кезек сатып алу және бұзу процедурасын қажет етпейді. Сараптама қорытындысы 2024 жылдың наурыз айында алынады. Екінші кезек бойынша қорытынды 2024 жылдың тамызында дайын болады.

Жобалық шешімдер BRT-ның, оның ішінде Өтеген батыр көшесінен Әуезов көшесіне дейін және Сейфуллин даңғылынан Пушкин көшесіне дейін сол жақ жолақпен аралас өтуін көздейді.

Қалған учаскелерде қоғамдық көлік қозғалысының басымдығын қамтамасыз ете отырып, оң жақ жолақ бойынша BRT-дан өту жоспарлануда.

"Көлік схемасында Райымбек даңғылының жеке көлікке арналған қиылыстардағы өткізу қабілетін сақтау және арттыру көзделген", - деп атап өтті әкімдікте.

Екіншіден, Жетоксан көшесі бойынша Райымбек даңғылына дейінгі ұзындығы 4 км желі құрылысының жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Жалпы жұмыстарды аяқтаудың жоспарланған мерзімі-2024 жылдың қыркүйек айы.

Бұған дейін, LS редакциясы Түркиялық инвестор Алматы облысында LRT салуды жоспарлап отырғанын хабарлаған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
Нефтегазовый сектор принес Казахстану 5,4 трлн теңге за восемь месяцев
18 сентября 2026 года
Почти 900 тыс казахстанцев сменили место жительства за полгода. Инфографика
18 сентября 2026 года
ТЭЦ-2 в Алматы готова на 94%, по ТЭЦ-3 отстают от графика
19 сентября 2026 года
Бензин не прошел проверку на АЗС трех регионов Казахстана
19 сентября 2026 года
Қазақстанда тоқыма өндірісі қарқын алды
18 сентября 2026 года
Итоги K26: каким бизнес и эксперты видят будущее экономики
18 сентября 2026 года
Новые правила для брокеров: 16 цифровых активов и раскрытие внебиржевых сделок
18 сентября 2026 года
Новое жилье или деньги: что предлагают владельцам аварийных домов в Алматы
18 сентября 2026 года
Казахстанские МФО столкнулись с падением прибыли и ростом просрочки
18 сентября 2026 года
Казахстан возвращается к своему текстилю: производство резко выросло
18 сентября 2026 года
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.