Алматыдағы тозығы жеткен үйлердің мәселесі қандай

26 августа 2022 года

Алматы әкімі Ерболат Досаев ескі үйлерді реновациялау туралы айтты, деп хабарлайды LS.

Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесу барысында қала әкімі ескі үйлерді реновациялау аясында Сейфуллин – Төле би, Шәріпов – Шевченко көшелеріндегі төрт үйдің (29 меншік иесі) тұрғын үй жағдайы жақсарғанын хабарлады.

Досаевтың айтуынша, 2023 жылдың қыркүйек айында Шевченко көшесіндегі тағы екі аз қабатты ескі үйдің (16 пәтер) тұрғындарын "Век" компаниясы салатын жаңа тоғыз қабатты тұрғын үйге көшіру басталады.

"Үй құрылысын қыркүйек айында бастау жоспарланып отыр. Тұрғындар мен компания арасында келісу келісімшарттарына қол қойылды", - деді қала басшысы.

Бұған дейін LS жалпы осы жылы Алматыда жеке инвестициялар есебінен 32 ескі үй бұзылады деп жазған болатын. Барлығы 32 үйде 278 пәтер бар. Ал 2021-2025 жылдарға 6,6 мың пәтерлік 708 ескі ғимаратты бұзу және олардың орнына 34,6 мың пәтерлік 683 үй салу жоспарланған. Жалпы ауданы 2 млн шаршы метрден асады.

Сондай-ақ, 2025 жылға дейін қандай үйлерді бұзу жоспарланғаны хабарланды:

Бірінші бағыт шеңберінде (2021-2025 жылдар кезеңінде) жалпы көлемі 112,2 мың ш.м. 280 үйді (2,6 мың пәтер) бұзу жоспарлануда, бұл ғимараттар Түрксіб (124 үй), Жетісу (30 үй), Алмалы (38 үй), Әуезов (41 үй), Бостандық (38 үй) және Медеу аудандарында (9 үй) орналасқан.

Екінші бағыт барысында апатты жағдайдағы, сондай-ақ санитарлық және су қорғау аймақтарындағы қызыл желілердегі үйлерді бұзу және тұрғындардың қоныс аударуы жүзеге асырылуда. Алмалы (55 үй), Бостандық (31 үй), Жетісу (28 үй), Медеу (18 үй), Түрксіб (72 үй), Алатау (34 үй) және Наурызбай (12 үй) аудандарындағы ауданы 102,8 мың шаршы метр барлығы 250 үй (2,6 мың пәтер).

Үшінші бағыт шеңберінде Алмалы (52 үй), Бостандық (100 үй), Медеу (2 үй) және Түрксіб (24 үй) аудандарында ауданы 564,5 мың шаршы метр 178 үй (1,4 мың пәтер) бұзылады.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.