Алматыда алты жоба іске қосылады

4 октября 2024 года

Алматыда мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) аясында 24 млрд теңгеге жуық жоба іске қосылады, деп хабарлайды LS.

Қала әкімдігі тізім ұсынды:

  • "Велосипедшілерді дайындаумен велосипед жолын басқару";
  • "Қоғамдық көлікті диспетчерлеу";
  • "№2 Олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі мүліктік кешенін басқару ("Спутник")";
  • "Қаланың жол трафигін талдау және зияткерлік қауіпсіздік жүйесі ("Сергек")";
  • "Алматы мектептері жанындағы дене шынықтыру-спорт аймақтарының мүліктік кешенін басқару";
  • "Білім беру мекемелері жанындағы дене шынықтыру-спорт аймақтарын реконструкциялау, пайдалану және басқару".

Алты жобаны іске асыру 23,9 млрд теңгеге бағаланып отыр. Алайда құрылыс және іске қосу мерзімдері әлі белгісіз.

Әкімдікте хабарлағандай, қазіргі уақытта Алғабас шағын ауданында 200 төсек орынға халықаралық аурухана мен 2 мың орындық жалпы білім беретін мектеп салу бойынша МЖӘ жобалар қарастырылуда.

Осы жылдың тамыз айында қаланың қаржы жоспары 1,798 трлн теңгені құрайтыны хабарланды: ағымдағы шығыстар – 1,26 трлн теңге (қолданыстан алып қою шығыны – 226,1 млрд теңге), даму бюджеті – 311,5 млрд теңге.

Жоспарланған өзгерістер сомасы 83 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасында ішкі бөлу есебінен пайда болған 54,9 млрд теңге және өткен жылдан бері 29,1 млрд теңге бос қалдықтар пайдаланылатын болады. Атап айтқанда, бюджетті нақтылау шеңберінде білім беру саласын қаржыландыру 6,7 млрд теңгеге ұлғаяды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы жобаларды қолдау 6,9 млрд теңгеге өседі. Қалалық ортаны абаттандыруға және қала экологиясын жақсартуға 5,3 млрд теңге, ал көлік инфрақұрылымына 13,9 млрд теңге қарастырылған.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.