Алматы облысында электромобиль өндірісі іске қосылады

сегодня

Алматы облысында электромобиль шығаратын өндірісті іске қосу жоспарлануда. Бұл туралы LS-ке өңірлік әкімдікте хабарлады.

Редакция сұрауына берілген жауапта өндірісті орналастыру үшін ықтимал алаң ретінде "Алатау" арнайы экономикалық аймағы қарастырылып отырғаны айтылды.

"Жоспарланған қызмет түрін арнайы экономикалық аймақтың ОКЭД классификаторына енгізу үшін инвестордан қаржылық-экономикалық есептер, техникалық-экономикалық негіздеме және қызметтің аймақтағы тиімділігі мен перспективаларын растайтын қосымша құжаттар талап етіледі", - делінген жауапта.

Қазіргі уақытта компания өндірістің болжанған көлемі, инженерлік желілерге қажеттілік, кадрлық ресурстар және басқа да параметрлерді нақтылаумен айналысып жатыр.

"Жобаны іске асырушылардан алдын ала жүргізілген зерттеулер нәтижесіне сәйкес ресми жауап алынуы күтілуде", - деп толықтырды әкімдікте.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы электромобиль шығаратын зауыт құрылысы жобасы туралы белгілі болған еді. Жобаны Қытай компаниясы бастамашылық еткен.

Бұған дейін, Қазақстанда малайзиялық компания автокөлік шығару жоспарлап отырғаны хабарланған. Жобада Proton Holdings Berhad (Малайзия) компаниясы қатысуға ниетті. Компания электромобильдерді e.MAS брендімен өндіруді жоспарлап отыр.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.