Алматы облысында жаңа кәсіпорындар ашылады

сегодня

Алматы облысында Ресей компанияларының қатысуымен екі ірі жоба жүзеге асырылуда. Бұл туралы облыс әкімдігі LS-тің сауалына берген жауабында мәлімдеді.

Жаңа кәсіпорындардың құрылысына 1,3 трлн теңге бағытталады. Соның арқасында 2 мыңға жуық жұмыс орны ашылады.

Атап айтқанда, Іле ауданында күн электр станциясының екінші кезеңі салынып жатыр. Жобаны 2027 жылы іске қосу жоспарланған.

Алатауда ірі логистикалық кешен салынбақ. Қажетті құжаттар әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. Кешен 2027 жылдың соңында пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Әкімдік мәліметінше, соңғы алты жылда облыста Ресей капиталының қатысуымен құны 870,9 млрд теңгені құрайтын 5 жоба жүзеге асырылды. Соның арқасында мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды.

Іле ауданында майлау материалдарын шығаратын зауыт пен күн электр станциясының алғашқы кезеңі іске қосылды.

Талғар ауданында ресейлік серіктестердің қатысуымен екі жоба жүзеге асырылды. Мұнда индустриялық-логистикалық парк салынып, "Қайрат" индустриялық аймағында жылуоқшаулағыш материалдар өндіретін кәсіпорын іске қосылды. Кәсіпорында тас мақта мен XPS  жылуоқшаулағыш өнімдері шығарылады.

Ал Қарасай ауданында ресейлік маркетплейске қызмет көрсететін логистикалық орталық ашылды.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.