Алатауда полигон орнына зауыт салынады

сегодня

Алатауда қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) полигонын жою жоспарланып отыр. Бұл туралы LS-ке Алатау қаласы әкімдігінде мәлімдеді.

Әкімдік редакция сауалына берген жауабында, нысанды басқарушы компания 2024 жылдың қаңтарында полигонды рекультивациялау және жою жобасын өз қаражаты есебінен әзірлеуге міндеттелгенін мәлімдеді.

"Бұл жұмыстар қоқыс сұрыптау және өртеу зауытын іске қосумен бірге, қалдықтарды қайта өңдеу цехтарының құрылысымен қатар атқарылады", – деді әкімдіктегілер.

Мәліметтерге қарағанда, қоқыс өртеу зауытында түрік технологиялары қолданылатын болады. Кәсіпорынның қуаты тәулігіне 750 тоннаға есептелген, ол сағатына 27 МВт электр энергиясын өндіре алады. Ал ҚТҚ-ны, ірі габаритті қалдықтар мен темірбетон бұйымдарын сұрыптау желілерін іске қосуға ресейлік компания атсалыспақ.

"2024 жылғы бизнес-жоспарға сәйкес жобаның құны 32,6 млрд теңге деп белгіленген (2025 жылғы нақтыланған деректерге сәйкес – ұәкімдіктің ескертпесі). Оның ішінде 24,3 млрд теңге Өнеркәсіпті дамыту қоры есебінен, ал 8,2 млрд теңге компанияның өз қаржысы болады", – делінген әкімдіктің жауабында.

Әкімдіктің мәліметінше, 15 қыркүйекте болған өрттен кейін полигон уақытша қоқыс қабылдауды тоқтатты. Қазір нысанның алдағы жұмысына қатысты мәселе талқылануда.

"Егер келісімшарт талаптарының бұзылғаны анықталса, тиісті шаралар қабылданады", – деп хабарлады әкімдікте.

Бұдан бөлек, биыл маусым айында полигон аумағында 1,2 мың шаршы метр жерді қамтыған өрт шыққаны белгілі болды.

"Салдарынан атмосфераға халықтың денсаулығына және экологияға зиянды улы заттар таралды", – деп мәлімдеді ведомство.

Анықтама

ҚТҚ полигоны Алматы – Өскемен трассасының 35-шақырымында орналасқан. Нысан ADC TAZA ALEM компаниясының сенімгерлік басқаруында.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.