Ақтау портындағы жобаны қаржыландыру мәселесі шешілген жоқ

сегодня

Сенатор үкіметтен Ақтау портында тереңдету жұмыстарын жүргізу үшін қаражат табуды сұрады, деп хабарлайды LS.

Депутат Сүйіндік Алдашевтің айтуынша, бүгінде Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі Транскаспий халықаралық көлік бағытының (ТХКБ) жұмысына кері әсерін тигізуде.

"Осыған байланысты Актау портының акваториясы мен кіреберіс арналарына тереңдету жұмыстарын жүргізуді көздейтін жол картасы әзірленіп, іске асырылуда. Аталған жоба 2024-2028 жылдарға арналған теңіз инфрақұрылымын дамыту бойынша кешенді жоспарға енгізілді. Жобаның құны – 42 млрд теңге. Жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды", – деді ол.

Жұмыстарды үш кезеңде жүргізу жоспарлануда. Алғашқысы биыл басталуы тиіс. Құны 20 млрд теңге, деп жалғастырды депутат.

"Алайда қазіргі таңда қаржыландыру көзі анықталмаған. Бұл жобаның уақытылы жүзеге асырылуына, сондай-ақ, ТХКБ-ның жалпы тұрақтылығына әсерін тигізуде. Үкіметтен қаржыландыру бөлуде көмек көрсетуді сұраймыз", – деді ол.

Алдашевтің айтуынша, 2023 жылдың маусымынан 2024 жылдың желтоқсанына дейін теңіз деңгейінің төмендеуі 50 см-ді құрады, бұл жүк тасымалының рентабельділігіне әсер етеді.

Бұған дейін, теңіз инфрақұрылымын дамыту үшін Ақтау портында контейнерлік хаб салу жөніндегі жобаны іске асыру жалғасып жатқаны хабарланған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.