Ақтөбе облысында төрт өндіріс іске қосылмақ

150-ге жуық адам жұмыспен қамтылады

13 июля 2021 года
    

Ақтөбе облысында жалпы инвестиция көлемі 1,6 млрд теңге болатын құрылыс индустриясында төрт жоба іске қосылады. Бұл туралы LS-ке өңірлік әкімдікте хабарлады.

Келесі жылы Ақтөбеде 647 млн теңгеге күрделі металл құрылымдары мен металл бұйымдарын шығаратын зауыт іске қосылады деп күтілуде. Ақпаратқа сәйкес, жобаның бастамашысы жобалау жұмыстарын аяқтап, теміржолдарға қосылуға құжаттар дайындалды. Құрылыс-монтаж жұмыстарын тамыз айында бастау жоспарланып отыр. Кәсіпорын іске қосылғаннан кейін 2022 жылы оның қуаттылығы жылына 3 мың тонна жеңіл болат жұқа қабырғалы конструкциялар өндірілмек. Жаңа 70 жұмыс орны құрылады.

Сондай-ақ, келесі жылы құрылыс материалдарын 480 млн теңгеге өндіруді бастау көзделіп отыр. Нысанда жылына 12 мың текше метр темірбетон бұйымдары шығарылмақ. 2022 жылы ашылуы мүмкін тағы бір жоба – 130 млн теңгеге ПВХ (поливинилхлорид) және алюминийден терезе-есік және қасбеттік бұйымдар өндірісі. Қуаттылығы-жылына 32 мың шаршы метр пластик терезе. Өндірістік үй – жайдың құрылысы басталып кетті.

2023 жылы Ақтөбе индустриялық аймағында 382 млн теңгеге қасбеттік материалдар шығаратын зауыт іске қосылады деп жоспарлануда. Ақпаратқа сәйкес, кәсіпорында жылына 150 мың шаршы метр қасбеттік бұйымдар шығарылады.

Жалпы, 1,6 млрд теңгенің осы төрт жобасын ашу есебінен 150-ге жуық жұмыс орны ашылады. Әкімдікте 2018-2020 жылдары құрылыс индустриясында жалпы инвестиция көлемі 29,5 млрд теңге болатын алты жоба іске асырылғанын атап өтті.

Мәселен, нысандардың бірі Ресейден келген инвестормен бірге ашылды. Атап айтқанда, ұяшықты автокландық газдалған бетон өндіретін тоқтап тұрған зауыт реанимацияланды. Инвестиция сомасы – 3 млрд теңге. Жобаның қуаттылығы жылына 170 мың текше метр газоблокты құрайды. Кәсіпорында 145 адам еңбек етеді.

Ақтөбеде 15 млрд теңгеге құрылыс материалдарын шығаратын зауыт іске қосылды. Нысанда жылына 120 млн кірпіш шығарылады. Сонымен қатар, 9,2 млрд теңгеге керамогранит пен керамикалық плиткалар өндірісі жолға қойылды. Зауыт жылына 5 млн шаршы метр плитка шығарады. Әкімдіктің мәліметтері бойынша, алты жаңа өндірістің ашылуы есебінен 500-ден астам жұмыс орны ашылды.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.